Телерадио хабарлау жерсеріктік желісінің құрылыс технологиясы

 

Қазақстан Республикасында Ұлттық жерсеріктік телерадио хабар тарату жүйесінің қызметі үшін Алматы, Астана және Орал қалаларында 3 техникалық орталықтар жұмыс істеуде.

Төмендегі міндеттер шешілуде:

• Эфирлік таратқыштар мен кәбілдік операторлар желілеріне мемлекеттік және коммерциялық телерадио бағдарламаларды тарату;

• Облыстық телерадио бағдарламаларды тарату;

• Телекөпірлер, бейнеконференциялар мен бейне айналдыруларды ұйымдастыру;

• Көп арналы телевизия қызметтерін ұсыну.

 Желіге жаңғыртуды жүргізу нәтижесі негізінде келесі нәтижелер пайда болды:

  • Алматы, Астана және Орал қалаларының техникалық орталықтарында DVB-S2/MPEG-4 жаңа стандартты кодтау және мультиплексирлеу жабдығы сатып алынды, жөнделді және тәжірибеге пайдалануға іске қосылды;
  • авторлық құқықты сақтау және тікелей теледидарламаның ақылы топтамаға кіру мүмкіндігін жабу үшін NDS компаниясының шартты кіру жүйесі сатып алынды және жөнделді;
  • Тікелей теледидарлама желі қызметтерінің абоненттерін есепке алу және оны тарифтендіру үшін биллинг жүйесі сатып алынды;
  • Қазіргі нақты абоненттер үшін қабылдағыш жабдықты ауыстыру жүргізілді.

Жерүсті эфирлік телерадио хабар тарату желісінің цифрлық форматқа ауысуының дайындық кезеңінде төмендегі екі стандартта екі жақты көрсету жүргізілетін болады:

DigiCipher-2/MPEG-2/QPSK цифрлық желі

Тарату:

• Мемлекеттік теледидарлама мен радио бағдарламалар

• Телекөпірлерді, бейнеконференциялар мен бейне жазбаларды ұйымдастыру

 

DVB-S2, Mpeg 4, 8 PSK цифрлық желі

Тарату:

• Мемлекеттік теледидарлама мен радио бағдарламалар

• Облыстық теледидарлама мен радио бағдарламалар

• Телекөпірлерді, бейнеконференциялар мен бейне жазбаларды ұйымдастыру

• Республикалық коммерциялық теледидарлама мен радио бағдарламалар

• Ақылы теледидарлама бағдарламаларды топтамасы (DTH)

 

Жаңғырту нәтижесінде төмендегі мүмкіндіктер пайда болды:

· Қайта көрсетілетін нақты арналардың саны елеулі түрде көбеюде;

· жерсеріктік ресурстарды тиімдірек пайдалану;

· абонеттік төлемсіз міндетті түрдегі жалпыға қолжетімді топтамалардың құрамындағы қазақстандық бағдарламаларды республикамыздың кез-келген нүктесінде қабылдануын қамтамасыз ету (әсіресе жерүсті телерадио хабар таратумен қамтылмаған тұрғын халық үшін);

· «Женева-06» қол қойылған келісімге сәйкес жерүсті эфирлік хабар тарату желісін цифрлық стандартқа бір қалыпты ауысуды жүзеге асыру, сонымен қатар бұл келісім бойынша тізіміне Қазақстан Республикасы кірген, қатысушы – мемлекеттер үшін аналогты хабар таратудан цифрлық хабар таратуға ауысудың соңғы мерзімі 2015 жыл деп анықталған;

· теледидарлама арналарының хабарларын тарату жоғарғы айқындылықпен (HD) ұйымдастыру;

· коммерциялық тікелей телевизиялық желіні дамыту.