Телерадио хабарлау эфирдік желісінің құрылыс технологиясы

Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық хабар таратуды енгізу

 Цифрлық хабар таратуға ауысу Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың басым сипаттағы бағытымен анықталған.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысымен БАҚ және байланыс саласындағы мемлекеттік органдарды біріктіру жолымен Байланыс және ақпарат министрлігі құрылды. Қазақстан Республикасы аумағында цифрлық хабар таратуды енгізу жаңадан құрылған Министрлікке тапсырылған.

ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің қолдауымен жоба қатысушылары болып табылатындар:

· «Қазтелерадио» АҚ

· «ТТСТО» РММ

· «Қазақтелеком» АҚ

Цифрлық хабар таратуды енгізу бойынша міндеттерді жүзеге асыру бірнеше кезеңдерде жүзеге асыру жоспарлануда:

• Алматы қаласында цифрлық жерсеріктік хабар таратуды іске қосу (2010 жылдың 1 желтоқсанына дейін);

• DVB цифрлық эфирлік хабар таратудың бірыңғай стандарттарын анықтау үшін сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізу (2010 ж. аяғына дейін);

• Жиілік- аумақтық жоспарды әзірлеу (2010 ж. 15 желтоқсанына дейін);

• Қарағанды облысының аумағында цифрлық эфирлік хабар таратудың ісалды жобасы (2011 ж.);

• Шекаралық аймақтарда цифрлық хабар таратуды енгізу (2011 ж. бастап);

• Қазақстан Республикасының барлық аумағында цифрлық хабар таратуды енгізу (2011-2015жж.).

Тәжірибелі жобаның сынақ жұмыстарын жүргізу үшін Қарағанды қаласында телерадио хабар таратушы орталығы орналасқан Қарағанды облысының аумағы таңдап алынды. Аталған жұмыста «Rohde&Schwarz» компаниясымен жасап шығарылған NV8304E, DVB-T/T2 цифрлық телевизиялық таратқыштар пайдаланылды. Осы жерді таңдау маңыздылығы рельеф өзіне тәнтдігі мен индустриалды бөгеуілдердің болуымен негізделеді.

Осы іс-шараларды жүргізудің мақсаты ретінде Қазақстан Республикасының аумағында эфирлік хабар таратудың бірыңғай цифрлық стандартын таңдау, сонымен қатар далалық сынақтарды жүргізу жолымен DVB-T2 және DVB-T стандартты жабдықтарды пайдаланудың артықшылығын эксперементті растау болып табылады.

Аталған жерде жүргізілген сынақтар қалалық жерлерде де, сонымен қатар қоршаған ортаның түрлі жағдайларында орналасқан өңірлерде де DVB-T және DVB-T2 эфирлік цифрлық хабар тарату стандарттарының әрқайсысы техникалық мүмкіндіктерін көрсетті.

 

DVB-T хабар тарату стандарты DVB-T2 хабар тарату стандарты
Хабар тарату параметрлері Хабар тарату параметрлері
 

27 Мбит/c көліктік ағынның жылдамдығымен 64QAM, 8к, FEC =3/4, D=1/32

 

32,2 Мбит/c көліктік ағынның жылдамдығымен 64QAM, 8к, FEC =3/4, D=1/32

 

___

40,2 Мбит/c көліктік ағынның жылдамдығымен 256QAM, 32k, FEC 2/3 D=1/128

 

DVB-T (64QAM; 8к; FEC =3/4; D=1/32) қамту аймағы

Әр бағыттағы аралықтар әр түрлі. Бұл рельеф своеобразностью және индустриалдық бөгеуілдердің болуымен байланысты. Солтүстік бағыттағы сенімді қабылдау аймағы РТС орналасуынан 21,7 км қашықтықта шектелген. Бұл өз кезегінде жергілікті рельефпен (төбелермен) байланысты.

Шығыс бағытында 24,6 км қашықтық қабылданды.

Оңтүстік – батыс және оңтүстік бағыттардағы сенімді қабылдау аймағы біршама көп.

Бұл көрсетілген бағыттардың рельефтердің тура көрінуіне байланысты.

Көрсетілген бағыттардың әрқайсысында бақылау нүктелеріндегі 4-тен 7 дейінгі көрсеткіштер алынды, бұл сенімді қабылдау аймақты нақтырақ анықтауға мүмкіндік берді.

 

DVB-T2 (64QAM; 8к; FEC =3/4; D=1/32) қамту аймағы

64QAM модуляциясындағы DVB-T2 стандартта хабар тарату кезінде сенімді қабылдау аймағы елеулі түрде көбееді, сонымен қатар ағын жылдамдығының өсуі есебінен көрсетілетін хабарлардың саны да көбееді. Барлық бағыттарда қабылдау аймағының 25%-дан 40%-ға дейін елеулі түрде өсуі байқалады. Сондай-ақ, оңтүстік бағыттарда сигналды қабылдау 52 км жүзеге асырылады. Бірақ, бұндай жағдайда суреттің көзбен шолуын есепке ала отырып, сигнла парамтерлері аталған цифрлық хабар тарату стандарты үшін босағалық мәннен төмен болатын.

Жүргізілген салыстырмалы сынақтан өткізу нәтижесінде DVB-T салыстырып қарағанда DVB-T2 стандартының төмендегі артықшылықатыр расталды:

· 7 SD бар цифрлық топтамадағы ТД – бағдарламаларын 14 SD дейінгі бағдарламалар санын көбейту және соның салдарынан қайталап көрсету үшін эфирлік жиілікті босату мүмкіндігін көбейту.

· 64QAM-мен DVB-T2 режім үшін арналық толықтыруды 27Мбит/c-дан 32,4Мбит/c дейін, 1/32 қорғау аралығымен 8к алып барушы санын көбейту және өзге тең парамтерлерінің сенімді қабылдау аймағын 25% көбейту (кейбір нүктелерде Қарағанды РТС-нан барынша қашықтау 51 км дейін құрады, бұл DVB-T салыстырып қарағанда 41% артық).

· Сынақ үшін берілген жабдықты пайдалану есебімен, 256QAM, 32k, FEC 2/3 D=1/128 модуляцияларын және 40,2 Мбит/c DVB-T2 көліктік ағын жылдамдығын пайдалану 64QAM DVB-T режім үшін қамту аумағының толық сәйкес келуіне душар келтіреді, бірақ көрсетілетін ТД бағдарлама санын 8 SD-дан 14 SD-ға дейін көбейту арқылы.

2010 жылдың желтоқсан айында «Harris» компаниясы жабдығының базасында Қарағанды қаласында осыған ұқсас сынақтар жүргізілген болатын. Нәтижелер «Rohde&Schwarz» компания жабдығының базасындағы сынақтан өткізу қорытындыларымен сәйкес келеді.