Жерсеріктік телерадиохабар тарату қызметтері

2010 жылдың 11 желтоқсанында қолданысқа енгізілген DVB-S2, MPEG-4 стандартындағы Қазақстан республикасының Ұлттық жерсеріктік телерадиохабар тарату желісі тұңғыш рет бүкіл ел аумағында 37 қазақстандық телерадиоарнаны тегін қабылдауға мүмкіндік берді. Оның бірі облыстық телехабар тарататын бір арна бар. Сондай-ақ, абоненттер ақылы негізде SDTV айқындық стандартындағы 50-ден астам, рейтингі жоғары шетел телеарнасын тамашалай алады. Сонымен қатар телекөрермендердің назарына жоғарғы HDTV айқындығындағы 3 арна да ұсынылған. Әрі абоненттік ақы айына небәрі 540 теңгеден жоғары. Тегін пакеттің ішінде резервтік арналар болады. Қазақстанның барлық аумағында жүргізілген тестілеу көрсеткендей, тұрғындар жақсы сигнал, жоғары сападағы дауыс пен бейне алады. Қосылу үшін жерсеріктік тәрелке мен ресивер сатып алу қажет. Қондырғының мәзірінде өндірішуліремен бірлесіп, орыс және ағылшын тілдерімен қатар тұңғыш рет қазақ тілі енгізілді. Ұлттық жерсеріктік телерадиохабар тарату қызметінің сауда белгісі ретінде төмендегі логотип бекітіліп, тіркелді:

«Базалық» тегін телерадиоарналар топтамасының құрамына:

     · 7 мемлекеттік телеарна мен 2 радиоарна;

     · 14 облыстық арна;

     · 11 коммерциялық телеарна мен 3 радиоарна кіреді.

Арналар топтамасы мен жерсеріктік телерадиохабар қызметiндегi бағасы