КОРПОРАТИВТІК КЛИЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚЫЗМЕТТЕР

«Қазтелерадио» АҚ қызметтері жерсеріктік телекоммуникациялардың бүкіл мүмкіндіктер спектрін қамтиды.

Ұсынылатын қызметтер:

деректерді  беру мен телефонияның жерсеріктік корпоративтік желілерін құру;

деректерді берудің негізгі және резервтік жерсеріктік арналарын ұйымдастыру;

жерсеріктік арналарды пайдалану арқылы банкоматтар мен POS- терминалдар желілерін құру;

Интернет желісіне қосылуды ұсыну;

IP телефония қызметтері (халықаралық, қалааралық және корпоративтік телефония);

жерсеріктік сыйымдылықты жалға беру.

Қосымша сервис:

жабдықты құрастыру және инсталляциялау;

рұқсат етілген құжаттар топтамасын дайындау;

IP адрестер блогын ұсыну;

телефон нөмірлерін ұсыну;

корпоративтік желілерге техникалық қолдау көрсету және тәулік бойы мониторингтеуді қамтамасыз ету;

желілік ресурстарды пайдаланудың егжей-тегжейлі статистикасын беру.

«Қазтелерадио» АҚ жерсеріктік желілерін құру негізіне интеграция және персоналдық жерсеріктік станциялар базасында деректерді тарату және телефония желілерін толық ауқымда құру бойынша қазіргі заманға сай технологиялық шешімдер қаланған.

Астана мен Алматы қалаларында желілерді басқаратын екі станцияның бар болуы олардың қызметтендірілуін және географиялық резервтелуін оңтайлы қамтамасыз ететін түрлі сәулетті кешенді телекоммуникациялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Қазтелерадио» АҚ желілік құрылымы Gilat Satellite Networks Ltd., iDirect Technologies секілді жерсеріктік технологиялардағы жалпыға бірдей танылған әлемдік дилерлер жабдықтарының базасына құрылады, олар көпжылдық пайдалану тәжірибесімен қолданылатын жабдықтардың жоғары технологиялылығын және нәзіктігі мен үнемділігін растап берді.

Бүгінгі таңда кез келген бизнесте телекоммуникациялар ерекше рөл атқарады. Қазір кезде телефон, электрондық пошта және т.б. құралдарсыз серіктестіктермен қалай байланысқа шығатынымызды елестетудің өзі қиын.

Бұл жағдайда жерсеріктік байланыс қызметтері шалғай аудандарымен арадағы байланысты қамтамасыз етудің жалғыз мүмкіндігі болып табылады. Жерсеріктік байланыс – жеке телекоммуникациялық инфрақұрылым құрудың жылдам, және тиімді жолы. Бұл технологияға шекара жоқ, әрі әлемнің кез келген нүктесін біріктіруге мүмкіндік береді. Ақпаратты өңдеудің цифрлық алгоритмдері деректерді беру арналарын тиімді құруға, оны факсимильдік байланыспен үйлестіруге, Интернетке қол жеткізуді ұсынуға, ақпаратты жоғары дәрежеде қорғаныспен қамтамасыз ететін георграфиялық тұрғыда әр жерде орналасқан көптеген нысандар арасында бірыңғай ақпараттық деректер базасын құруға, мультисервистік корпоративтік желі құруға мүмкіндік береді.

Білікті қызметкерлер, операторлық мүмкіндіктер мен жеке орталық телепорттың болуы «Қазтелерадио» АҚ-ға тапсырыс берушінің қаражатын үнемдеп, аз уақыт ішінде корпоративтік желіні құру мен қызмет көрсету бойынша толық кешендік жұмыстарды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Дамыған сервистік желі терминалдарды Қазақстанның бүкіл аумағында қысқа мерзім ішінде орнатып, клиенттерге сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Біздің мамандар ең ірі жоғары технологиялық кәсіпорындарда оқытудан өтеді, әрі ең соңғы техникалық жетістіктерден хабардар, сондықтан шешілуі қиын болып көрінетін кез келген міндеттерді шеше алады.  Сонымен қатар, Алматы қаласындағы Техникалық орталықта техникалық қолдаудың тәулік бойы жұмыс істейтін қызмет жұмысы ұйымдастырылған, оның қызметкері қажет болған жағдайда online-режимінде кеңес береді. Біздің клиенттерімізге ыңғайлы болуы үшін жерсеріктік байланыс қызметінің бүкіл спектрін алдын-ала тестілеу мүмкіндігі бар.

Қызметтерді көрсету мәселесі бойынша Корпоративтік сату бөліміне хабарласыңыз.

Бөлім бастығы – Жанна Алексеевская, тел. +7 (727) 244-45-00 (ішкі нөмір 1148)

 e-mail: z.alexeevskaya@kazteleradio.kz