Тарих

Республиканың радио және телехабар тарату саласының даму тарихы бастауын ертеден бастайды: Қазақстан аумағындағы алғашқы радиостанция 1912 жылы пайда болды, осы кезде Форт-Александровск (қазір Ақтау қ.) пен Петровский фортын (қазір Махачкала қ.) байланыстырған радиотелеграф желісі әрекет ете бастады. Республикалық радио тарату тарихында Ташкент радиостанциясы елеулі үлес қосты, ол Қазақстанның қазіргі аумағында тұратын халықтың 1/3 бөлігі өмір сүрген Түркістан өңіріне хабар тарататын. Радиостанция орыс тілімен қатар, қазақ тілінде де хабар тарататын.

1920 жылы Қазақстан аумағында Ордада, Орынборда, Павлодарда, Алматыда, Гурьевте, Уилда, Ақтөбеде радиостанциялар әрекет етті. Ал 1921 жылдан бастап Қазақ АСКР Халық комиссарларының кеңесінің шешіміне сәйкес Орынбор радиостанциясына республикада күн сайын 1600 сөзден тұратын радиобаспабет таратуға құқық берілді – осылайша Қазақ радиосы пайда болды, ал 1927 жылдың наурызында радиоайдарда алғаш рет қазақ хабары естілді.

1931 жылы Алма-Атада қуаты 10 кВт болатын кеңтаралымды ұзақтолқынды радиостанция құрылды, ал 4 мамырдан бастап Қазақстанда республикалық радиохабар тарату басталды. 1932 жылы Өңірлік радиофикация және радиохабар тарату комитеті құрылды, ал Қазақ радиосы Сібір, Орталық Азия мен Қазақстан үшін бағдарлама тарата бастады.

1958 ж. дейін республика аумағында хабарды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды үйлестірумен Қазақ СКР Байланыс Министрлігінің Радиохабар тарату басқармасы айналысты.

1958 жылы Алма-Ата, Өскемен және Қарағанды қалаларында алғашқы телеорталықтарды пайдалануға енгізумен және телехабар таратудың басталуымен, Қазақ СКР теледидарлық қабылдау желісінің Республикалық дирекциясы құрылды. Бұл телерадиохабар таратудың республика экономикасының стратегиялық маңызды салаларының біріне айналуындағы бірінші қадам болды.

1964  жылы қаңтарда қарқынды дамып жатқан телерадиохабар тарату саласын үйлестіру және басқару үшін Қазақ СКР Байланыс Министрлігінің Радиобайланыс, радиохабар тарату және теледидар дирекциясы ұйымдастырылды.

1966 жылы Қазақстан теледидар желісі 29 бір бағдарламалық радиотеледидар станциясына (РТС) дейін жетті, олардың 8-інде бір уақытта УҚТ-ЖМ радиохабар тарату ұйымдастырылды. Сонымен қатар Республиканың хабар тарату желісінің дамуы телерадиобағдарламалардың РТС дейін жеткізілуін жүзеге асыратын радиорелелік және шоғырсымдық тораптар құрылысының арқасында мүмкін болды.

Алыстатылған ауылдық елді-мекендерге хабар тарату қажеттілігі телерадиобағдарламаларды таратудың жаңа жерсеріктік технологияларын құруға итермеледі.

КСРО-ғы жерсеріктік теледидарлық хабар таратудың алғашқы жүйесі 60-шы жылдардың ортасында құрылған, «Молния» сериялы серіктерде негізделген «Орбита» жүйесі болды. Қуаты 40 Вт құраған таратқыш КСРО мен Шығыс Еуропалық социалистік елдер аумағында Орталық теледидардың алғашқы бағдарламасын таратты. 1967 ж. соңында «Орбита» станциясының қабылдау желісі Шеткі Солтүстік, Қиыр Шығыс, Қазақстан пен Орта Азия аймақтарын ТД хабар таратумен қамсыздандырды.

1971 жылы Қазақстанда 3 «Орбита» станциясы, 59 РТС, олардың ішінде 6 – екі бағдарламалыұ, соның ішінде 27 қуатты РТС болды, олардың 21-де УҚТ-ЖМ радиохабар тарату жүзеге асырылды.

1974 жылы Қазақ СКР Байланыс Министрлігінің Радиобайланыс, радиохабар тарату және теледидар дирекциясы Қазақ СКР Байланыс Министрлігінің Республикалық радиохабар тарату және теледидар буынына (РРТБ) түрлендірілді, осы мекемеге барлық республикалық тораптық, аймақтық радиорелелік желілердің, қуатты радиотеледидарлық орталықтардың және РБ, РХ, ТД басқа көптеген объектілерінің құрылысымен және пайдаланумен айналысу тапсырылды.

1976 жылы Қазақстанда 7 «Орбита» станциясы, 125 РТС әрекет етті, олардың 33-де УҚТ-ЖМ хабар тарату ұйымдастырылды, ал 1981 жылы – 241 РТС, олардың 52-де УҚТ-ЖМ хабар тарату ұйымдастырылды.

70-ші жылдардың екінші жартысында «Орбита» жүйесімен қатар «Москва» жерсеріктік хабар тарататын жаңа жүйе дами бастады, оның орбиталық бөлігін «Горизонт» геостационарлық серіктері құрады. Теледидар бағдарламаларына басқа, «Москва» жүйесі бойынша радиотарату бағдарламалары да таратылды. Қазақстанда жүйесінің бірінші станциялары 80-ші жылдардың басында пайда болып, 1986 жылы олардың саны 170 бірлікке жетті.

1991 жылы Қазақстандағы РТС саны 1096 бірлікке жетті, олардың 76-да УҚТ-ЖМ хабар тарату ұйымдастырылды. Алайда «Орбита» және «Москва» жүйелері бойынша орталық (жалпы одақтық) теледидар мен радиохабар тарату бағдарламалары таратылды.

Республика халқын Қазақ радио және теледидар жүйесінің бағдарламаларымен қамту міндетін шешу мақсатында 1990 жылдың соңында Қазақстанда «Жарық» теледидарлық хабар тарату желісі іске қосылды, оның көмегімен «Горизонт» серігі арқылы ұлттық теледидар бағдарламалары таратылды.

«Жарық» жүйесі КСРО-да жерсеріктік хабар таратудың алғашқы республикалық желісіне айналды және елде  Ku-диапазондағы жерсеріктік хабар таратудың алғашқы желісі болды. Нәтижесінде республиканың барлық аумағы бойынша «Қазақстан» телеарнасын тарату мүмкіндігі пайда болды.

1993 жылы Қазақ СКР Байланыс Министрлігінің Республикалық радиохабар тарату және теледидар буынының атауы Қазақстан Республикасы Байланыс Министрлігінің «Радио және теледидар» Республикалық өндірістік бірлестігі болып өзгертілді.  

1996 жылы «Қазақтелеком» ҰАК құрылымында Радиобайланыс, радиохабар тарату және теледидар біріккен кәсіпорны (РРТ БК) құрылды. Оның құрамына келесі облыстардың телекоммуникация дирекцияларының құрылымдық телерадиохабар тарату бөлімшелері кірді: Қарағанды, Жезқазған, Атырау, Мангистау, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Қостанай, Торғай, Көкшетау және Павлодар. АРТС РМК (Көк-Төбе) тікелей» Қазақтелеком» ҰАК құрылымында қалды.

1997 жылы 07.10.1997 ж. №1419 ҚР Үкіметінің Қаулысымен арнайы теле-, радиохабар тарату субъектісі ретінде «Қазтелерадио» РМҚМ «Республикалық Мемлекеттік Қазыналық Мекеме) құрылды, оның негізгі міндеті ретінде «телерадиобағдарламаларды және басқа телерадиохабарларды тарату» белгіленді. Кәсіпорынды мемлекеттік басқаратын өкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Баспа және жаппай ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттік тағайындалды.

2000 жылдың 24 ақпанындағы ҚР Үкіметінің №298 қаулысы негізінде 2000 жылдың мамырында «Қазтелерадио» РМҚМ мен «АРТПС» РМК бірігуі жүзеге асырылып, «Қазтелерадио» ААҚ құрылды.

2001 жылы «Қазтелерадио» ААҚ «Қазтелерадио» ЖАҚ болып қайта тіркелді, ал 2004 ж. «Қазтелерадио» ЖАҚ 13.05.2003 жылғы №415-II Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес «Қазтелерадио» АҚ болып қайта тіркелді.

2007 жылдың 10 мамырындағы № 375 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 2007ж. «Қазтелерадио» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті «Самғау» Ұлттық ғылыми-техникалық холдингі» АҚ-на табысталды.

03.07.2008 ж. № 668 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 2008 ж. «Қазтелерадио» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ-на табысталды.

2010 жылдың 5 мамырындағы № 378 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 2010ж. «Қазтелерадио» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат Министрлігіне  табысталды.

31.01.2011 жылғы №48 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазтелерадио» АҚ және «Қазақстан телекоммуникациялары» АҚ қайта құру туралы» Қаулысымен 2011 ж.  «Қазтелерадио» АҚ оған «Қазақстан телекоммуникациялары» АҚ біріктіру арқылы қайта құрылды.

11.03.2012 ж. №314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен  2012 жылы  «Қазтелерадио» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Байланыс және коммуникациялар Министрлігіне  табысталды.

2012 ж. 11 маусымында № 777 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық телерадиохабар тарату операторы туралы» Қаулысы бекітіліп, оған сәйкес «Қазтелерадио» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық телерадиохабар тарату операторы ретінде анықталды.

2015 жылдың 2 қыркүйегінен бастап «Зерде» «Қазтелерадио» АҚ ҰИХ» АҚ еншілес компанияларының құрамына кірді.