Мемлекет басшысы «Телерадио хабарларын тарату туралы» ҚР Заңына қол қойды

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Заң телерадио хабарларын тарату саласындағы қатынастарды реттейді және еркін ақпарат алу, сөз және шығармашылық бостандығы құқықтарына конституциялық кепілдіктерді қамтамасыз етуге, сондай-ақ жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қызметтерді қолдануда ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.