«Қазтелерадио» АҚ «OTAU TV» сауда белгісімен үшінші жыл сайынғы «Digital Communications Kazakhstan» озық технологиялар көрмесіне қатысты.

19-20 қыркүйек күндері Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында үшінші жыл сайынғы «Digital Communications Kazakhstan» халықаралық конференциясы мен озық технологиялар көрмесі өтті.

«Digital Communications Kazakhstan» негізгі тақырыбы – Қазақстан мен Еуразия аумағының Ақпараттық коммуникациялық технологиялар нарығы, сондай-ақ 2012 жыл мен болашақтың жаңа әлемдік, жергілікті трендтері.
«Қазтелерадио» АҚ көрмедегі халық пен шақырылған қонақтарға «OTAU TV» Ұлттық жерсеріктік және цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне қосылу, сондай-ақ отандық телеарналарды «онлайн» тәртібінде көру мүмкіндіктерін паш етті.
Іс-шара әлемдік және Қазақстан индустриясының барлық негізгі сегменттерін қамтыды: цифрлық телехабар тарату, ұялы коммуникациялар, ұжымдық ІТ-шешімдер, көлеңкелі технологиялар, телеком, ШПД мен интернет, электрондық коммерция, ұялы төлемдер, смартфондар, ІТ- және веб-стартаптар, әлеуметтік медиа, электрондық үкімет, интерактивтік жарнама, инвестициялар, цифрлық ойын-сауық (ойындар) мен цифрлық дисплейлер.

Форумға қатысушылар ретінде конференцияда Қазақстан, Орта Азия, Ресей, Қытай, Азия мен Еуропа мемлекеттері мен өзге де әлем елдерінен келген VIP-тұлғалар, мемлекеттік қайраткерлер, кәсіпорындар басшылары мен саясаткерлер болды.
Экспонент ретінде ұялы операторлар, ІТ-вендорлар, цифрлық қондырғылар мен бағдарламамен қамсыздандыру жасаушылар, веб-сайт авторлары, қауымдастықтар, университеттер, стартаптар, цифрлық телехабар тарату мен Ғаламтор провайдерлері, электроника мен ІТ-шешімдер тасымалдаушылары қатысты.
«Бұл іс шараның басты мақсаты – цифрлық коммуникациялар секторының барлық негізгі қатысушыларының басын біріктіру. Цифрлық коммуникациялар бүгінде қазіргі заман қоғамының барлық сегменттерімен біте қайнасып жатыр, мысалы: ұялы коммуникация, Web 2.0, кең жолақты қолжетімділік, ғаламтор, жарнама, білім беру және цифрлық контент. Оның үстіне, біз цифрлық телехабар тарату желісінің енгізілуі, оның Қазақстандағы болашағы туралы айтып отырмыз. Сіздің елде мұндай конференция өткізілген емес, сондықтан қазір осы бағыттағы ағымдық және болашақ басым бағыттарға баса назара аударатын қолайлы сәт туып отыр», – деді конференция Төрағасы Карл Йоханнессон.