21 қараша – Халықаралық телевидение күні!

Біз бұл мерекені бейбітшілік, қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік даму және мәдени алмасуларды кеңейту сияқты проблемаларға арналған телевизиялық бағдарламалармен жаһандық алмасуларды кеңейте отырып атап өтеміз.

Бүгінгі күні әлемде телехабар таратумен қамтылмаған мемлекет қалған жоқ. Отандық телевидение тарихы 1985 жылы алғаш телеорталықтар Алматы, Өскемен, Қарағанды және телевизиялық хабар таратулар басталған кезде пайдалануға енгізілуімен телебағдарламалардың тәжірбиелік трансляциялануымен өз бастауын алады. Бұл Қазақстан Республикасының стратегиялық маңызды салаларының бірі телерадио хабарларын таратудың аяққа тұруының алғашқы қадамы.

«Қазтелерадио» АҚ жаңа технологияларды пайдалана отырып, ұлттық цифрлық телехабарларды таратуды енгізу бойынша ауқымды жобаны іске асыра отырып телерадио хабарларын тарату саласын дамытуға өз үлесін қосып отыр, бұл жаңа деңгейге шығуға және телеарналардың қабылдау мүмкіндіктерін еліміздің шалғайдағы жерлеріне қазіргі заманға сай кескін мен дыбыста жеткізуге мүмкіндік берді.

2012 жылдың шілде айында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен Қазақстанның 5 қаласында және оған іргелес жатқан елді мекендерде    цифрлық эфирлік телевидение жұмыс істей бастады. Ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін барлық облыс орталықтарында және оған іргелес жатқан елді мекендерде цифрлық эфирлік телевидениені іске қосу күтілуде, сондай-ақ Маңғыстау облысында аналогты телевидениеден цифрлық телевидениеге толық көшу қамтамасыз етілетін болады. Соның нәтижесінде орта есеппен республика халқының 50% және Маңғыстау облысының барлығы цифрлық телевидениемен қамтылатын болады. Цифрлық эфирлік телевидение қабылдау аймағына байланысты 15-30 отандық телеарнаның тегін қабылдау мүмкіндігін ұсынады. 2016 жылға цифрлық эфирлік телевидениеге қол жеткізу халықтың 95% мүмкін болады. Осылайша, Қазақстан Халықаралық «Женева-06» келісімін орындау бойынша өзіне алған міндеттерді орындайды.

Аудандарында хабар таратудың кәбілдік және эфирлік операторларының жоқтығынан, бұрын отандық арнаны көруге мүмкіндіктері жоқ еліміздің 550 ауылдық елді мекендердің 90%-дан астам тұрғыны алғаш рет «OTAU TV» Ұлттық жерсеріктік желі арқылы 38 қазақстандық телеарнаға тегін қосылуға қол жеткізді. Жалпы алғанда жобаның үш жылында 470 000 қазақстандық отбасы ұлттық жерсеріктік телевидениенің абоненттері болды.