Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мәдени-танымдық іс-шара

16 желтоқсан – еліміздің егемендігі жарияланып, көгімізде тәуелсіздік туы желбіреген күн екені әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталады. Осы жылдар ішіндегі береке-бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлекетке айналғанымызға 22 жылға таяу уақыт өтіпті. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында қазіргі уақытта дүниенің бір бұрышында өресі мықты, өрісі кең қазақ деген халықтың бар екенін әлем мойындап отыр. Тәуелсіздіктің қайта оралғаны — біз¬дің ата-бабаларымыздың сан ғасыр¬лық азаттық күресінің заңды өтеуі, Жаратқан Иенің жасаған әділдігі деп білеміз.
Қоғам қызметкерлері арасында қазақ елінің қалыптасу тарихын насихаттау, ата-бабалары¬мыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған ерліктерін еске алу, еліміздің тарихында қалған естен кетпес оқиғалар туралы түсінік беру, тарихи мерекені атап өту мақсатында, Қазтелерадиода жылсайынғы дәстүр бойынша желтоқсан айының 13 күні Мемлекеттік тіл бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ тілі курсының тыңдаушылары мен жұмысқа жаңа қабылданған қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Елім менің» тақырыбына мәдени-танымдық мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл сайыстың басқа сайыстардан ерекшелігі әр топтың тек жігіттер мен қыздардан құрылуында сайыста бақталас болған «Ал, қане қыздар» қыздар командасының мүшелері Танекеева Мөлдір, Болтаева Алия, Жұманова Айнұр, Павлова Лариса, Алиева Қарагөз. «Элит» жігіттер командаларының мүшелері Құсаинов Марат, Кульмухамбетов Ердаулет, Сыздықов Жанат, Абдильдинов Айхан, Дондаев Айбол сайыс шарты бойынша өздерінің туған еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін білімдерін сынады, оларды жанкүйерлері қолдап, қошеметтеп отырды.
Жиынды ашқан Мемлекеттік тіл бөлімінің бастығы Назигуль Батырбайқызы елі¬міздің 22 жылда қол жеткіз¬ген табыстарына тоқталып, мерекеге қатысушы қауымға ізгі ті¬ле¬гін арнап, мерекемен құттықтады.
Әрі қарай мерекелік шара шымылдығын Қанат Көдеков «Желтоқсан» әнімен ашты, бұл ән жиналған көрермен мен қатысушыларға керемет жігер берді. Үш айналымнан тұратын интеллектуалды шоудың әрбір кезеңінде бірнеше тапсырмадан беріліп, дұрыс жауаптарына сәйкес қазылар алқасы тиісті ұпай беріп бағалап отырды.
Алғашқы таныстыру кезеңі барысында екі команда өз ұрандарымен топтың атауын таныстырып өтті. І-айналым бойынша «Ел тарихы» тапсырмасында мәдениет, өнер, музыка, кино, театр саласындағы белгілі қайраткерлер туралы аудио, бейне, фотосұрақтар берілді. Бейнесұрақта қазақтың аңызға айналған «Қыз Жібек» фильмінен, Абай мен Шәмшінің әндерінен үзінділер ұсынылды. Басты кейіпкерлері мен олардың рөлдерін сомдаған актерлерді жылдам тапқан «Ал қане қыздар» тобы да өздерінің байқауға сақадай сай екендерін дәлелдеді. ІІ-айналым бойынша қазақ тілінің спецификалық әріптерін қолданып, телерадио саласының терминдерімен әріптер арқылы сөз, сөз тіркесі, сөйлем құрастыруда екі топта тартысты сайыс көрсетті. Ал ІІІ-айналымда командалар Еліміздің тарихы мен әдебиетіндегі танымал тұлғалар туралы сұрақтарға жарыса жауап беру арқылы сайысты қыздыра түсті. Әрбір айналым сайын қосымша ұпай жинауға мүмкіндік беріліп яғни, әуен жасырылып дұрыс тапқан әннің жалғасын топтар экранда таңдалған караоке әндері арқылы жалғастырды. Мерекеге қатысушы көрермендер Қоғам қызметкері Садықов Шыңғыстың орындауында қазақ күйін тыңдады.
Сайыс қорытындысы бойынша екі топта теңдей түсті, алайда жігіттер тобы қазақтың «қыздың жолы жіңішке» деген ұлағатты сөзін ұстана отырып, бас жүлдені қыздар тобына ұсынды.
Аталған мәдени-танымдық іс-шара қарсаңында алдын-ала жарияланған тақырыптық конкурстар қорытындысы бойынша бағалы сыйлықтарға Қоғамның келесі қызметкерлері ие болды:
Желтоқсан мерекесіне байланысты өз шығармашылығындағы өлең жолдарын ұсынған Ақпараттық қолдау қызметінің маманы Абдуллаева Арайлым, Караоке әндерін бейнероликтермен көркемдеуге техникалық қолдау көрсеткені үшін Мониторинг жүйелерімен қамтамасыз ету қызметінің бас маманы Билібеков Нұрсұлтан, Қазақстанның әр белестегі жетістіктерінің бейнеленуімен бейнеролик әзірлеген Бағдарлама берушілермен өзара әрекет ету қызметінің жетекші маманы Сүлейменов Асылбек, Желілерді құру және техникалық қолдау дирекциясының жетекші маманы, ең үздік әдеби шығарма үшін Мукамадиева Анара, ребус, сөзжұмбақты дұрыс және жылдам шешкен алғашқы үштік иелері, Желілерді құру және техникалық қолдау дирекциясының жетекші маманы Мукамадиева Анара, Транспорттық желілерді және коммуникацияларды пайдалануды және дамыту бөлімінің маманы Ибраев Бауыржан, Аймақтық даму департаментінің директоры Шамшатов Қуаныш. Мерекелік шара барысында өз өнерлері мен шығармашылықтарын көрсете білген Қоғам қызметкерлеріне үлкен алғыс білдіреміз.
Ендеше, әрқашан да әрқайсымыздың «кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың» тәуелсіздік күні құтты болсын, көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін!