Жаңа 2014 жыл құтты болсын!

Құрметті қазақстандықтар!
Келе жатқан 2014 жылда ізгі ниетпен және шын жүректен айтылған құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Жаңа жыл алдындағы санаулы күндерде толқулы күйге бөленеміз. Өткен жылдың қорытындысын бағалап, келесі жылда не күтетіні туралы толғанамыз.
2013 жыл «Қазтелерадио» АҚ үшін ел тарихындағы табысты да, маңызды кезең болып қала бермек.
Біз күш біріктіре отырып, ұлттық цифрлық телевидениені енгізу бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші кезеңі болып табылатын «OTAU TV» Ұлттық жерсеріктік телевидение ұстанымын нығайттық. Өткен жылмен салыстырғанда OTAU TV абоненттерінің саны ұлғайды және саны 517 520 жетті, бұл шамамен екі миллион қазақстандықты құрайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Индустрияландыру күні аясында цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен Маңғыстау облысында ресми түрде іске қосылды. Осылайша, шамамен 1150 елді мекендегі 8 миллион тұрғын цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне қосылуға мүмкіндік алды.
Көптен күткен басты мереке қарсаңында елдің жартысынан аса тұрғындары әртүрлі мерекелік бағдарламалар мен концерттерді жоғары сапада тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Әр жанұя мүшесі бос уақытын қызықпен толтыратын өзіне лайық арна мен телебағдарламаны анықтай алады.
«Қазтелерадио» АҚ қызметкерлері үшін өткен жылдың ең басты нәтижесі.
«Қазтелерадио» АҚ сіздерге ең тамаша қазіргі заманғы технологияны, жаңа қызметтер мен сервистерді ұсыну үшін уақыт ағымымен жүруге ұмытылуда, тұрақты түрде дамып, жетілуде.
Сенім артып, түсіністік танытқандарыңыз, қадыр тұтып және талғамды таңдау жасағандарыңыз үшін рақметімізді айтамыз.
Келер жыл біз үшін бақытты және жемісті жыл болсын, алға қойған жоспарларымыз жүзеге ассын.
Сіздерге және сіздердің жанұяларыңызға зор денсаулық, бақыт және амандық тілейміз.
Ізгі ниетпен, «Қазтелерадио» АҚ