«OTAU TV» 3 жаста!!!

18 қаңтарда Ұлттық жерсеріктік «OTAU TV» телехабар тарату желісінің ресми түрде іске қосылғанына 3 жыл толды. Осы уақыт аралығында Ұлттық телевизия тұтынушыларының саны 500 мыңнан асты, яғни 2 миллионнан астам отандасымыз «OTAU TV» арналарын тамашалауда. Жоба ауыл тұрғындарының арасында ерекше сұранысқа ие, нақтырақ айтсақ, тұтынушылардың 70 пайызы ауыл тұрғындары. Ұлттық телевизия Қазақстан халқына алғаш рет отандық 38 телеарна мен 7 радиостанцияны тегін тамашалап, тыңдауға мүмкіндік берді, әрі желіге еліміздің кез келген нүктесінен қосылуға болады. Ал егер абонент шетелдік танымал арналарды көремін десе, қолжетімді бағамен ұсынылған ақылы топтамаларға қосыла алады.
Ең алғаш рет жерсеріктік телевизия Қазақстанда 2002 жылы «Кателко+» сауда белгісімен іске қосылған болатын. 2011 жылдың қаңтарында жерсеріктік желі DVB-S2, MPEG-4 жаңа цифрлық стандартына көшті. Ресми түрде іске қосу салтанаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтті. Жаңа стандартқа көшер кезде «Кателко+» абоненттерінің саны 6300 еді, содан бері бұл көрсеткіш қарқынмен өсіп, бүгінде жарты миллионнан асып жығылды.
Біздің қызметіміз көрсетілім сапасын одан әрі арттырып, қызмет түрлерін кеңейтуге бағытталған. «OTAU TV» отбасыларыңызға әлі көп жыл бойы қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтынына сеніміміз мол! Бізді таңдағандарыңызға зор алғыс білдіреміз!
Құрметпен,
«Қазтелерадио» АҚ