ABS-2 жерсерігінен телеарналарды трансляциялауда техникалық проблемалар туындап отыр

Құрметті абоненттер!

Сіздерге 28 шілде ABS-2 жерсерігінен телеарналарды трансляциялауда техникалық проблемалар туындап отырғанын хабарлаймыз.
«Fashion TV» телеарнада хабар таратылмайды.
Басқа телеарналардың хабар таратулары қайта қалпына келтірілді, бірақ аздап төмен сапамен.
«ABS» компаниясы теларналардың дұрыс трансляциялануын қайта қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Құрметпен, «Қазтелерадио» АҚ.

«Қазтелерадио» АҚ барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Астана күні мейрамымен шын жүректен құттықтайды!

Астана – еліміздің мақтанышы, болашаққа көз тіккен тәуелсіз Қазақстанның жаңа символы. Біздің елордамыз заманауи мегаполис қана емес, барлық қазақстандықтардың келешекке деген үкілі үміті мен мақсаты байланысқан арман-қала.
Сіздерге денсаулық, бақыт, әрбір отбасына береке-бірлік тілейміз! Мемлекетіміз бен елордамыз гүлдене берсін!

«Қазтелерадио» АҚ жаңа жобаларының тұсауы кесілді

2014ж. 2 шілдесінде Астанада «Назарбаев Орталығы» кешенінде өткен «Индустрияландыру Күні» аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан Республикасы Ұлттық интернет-телевизиясы» мен «Телегазет» жобалары іске қосылды.