«Қазтелерадио» АҚ өзіне тиесілі жылжымайтын мүлік нысандарын сату үшін аукцион өткізеді

«Қазтелерадио» АҚ келесі жылжымайтын мүлік нысандарын сату үшін ағылшын әдісі бойынша аукцион өткізетіндігін хабарлайды:

Лот № 1. Дүкен ғимараты 1975 жылы салынған, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Толқын ауылында орналасқан, 0,1260 га жер телімінің жалға алу құқығын 5 жылға береді. Бастапқы бағасы 600 000 теңге. Аукционға қатысу үшін кепілді жарна құны – 180 000 теңге.

Лот № 2. Асхана ғимараты 1975 жылы салынған, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Толқын ауылында орналасқан, 0,12245 га жер телімінің жалға алу құқығын 5 жылға береді. Бастапқы бағасы 700 000 теңге. Аукционға қатысу үшін кепілді жарна құны – 210 000 теңге.

Аукцион 2014 жылы 26 тамыз күні сағат 16.00 де Алматы қ. Әл-Фараби даңғ, 118 мекен жай бойынша ұйымдастырылады.

Аукционға қатысу үшін құжаттамалар алынуы керек.

Құжаттамаларды беру және өтініштерді қабылдау: жұмыс күндері сағ. 9.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін) 2014 жыл 26 тамыз күні сағат 15.00-ге дейін Алматы қ. Әл-Фараби даңғ, 118 мекен жай бойынша 248 кабинетте қабылданады.

Кепілдік жарна 2014 жыл тамыз айының 18-жұлдызына дейін кешіктірілмей есепшотқа аудару арқылы келесі реквизиттерге төленуі керек:

«Қазтелерадио» АҚ, ИИК KZ476010131000079901, БИН 000540002083, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, БИК HSBKKZKX, КБЕ 16.