Қазақстанның байланыс операторлары арасында футбол ойыны өтті

2014ж. 23 тамызында «Қазтелерадио» АҚ аумағында Ұлттық телекоммуникациялық қауымдастық мүшелерінің арасында жолдастық ойын өтті. Футбол кубогы үшін «Қазтелерадио» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазтранском», «Astel» АҚ және « NGN» компанияларының топтары бақ сынасты.
Спорттық шараны ұйымдастырушы – ҰТҚ Президенті Асылбек Хайрушевтің айтуынша, бұл футбол сайысы – қазақстандықтарды салауатты өмір салтына баулуға бағытталған телекоммуникация және байланыс компанияларының бірлескен алғашқы шарасы. Әрі бұл соңғы жоба емес. Ұйымдастырушылар турнирді жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр. Топтар құрамында кәсіби ойыншылар жоқ, тек әуесқойлар, әрі тек қатардағы қызметкерлер ғана емес, компаниялардың топ-менеджмент мүшелері де бар.

Қатысушылардың өздері айтқандай, мұндай шаралар өткізу – көңіл көтеріп, әріптестер және серіктестермен биресми жағдайда емен-жарқын араласудың тамаша мүмкіндігі. Өз топтарына қолдау көрсету үшін аталған компания қызметкерлері қатарынан көптеген жанкүйерлер жиналды, олардың көбі бала-шағаларын ерте келген екен.

Турнир қызықты өтті. Бірінші болып турнирді «Астел» АҚ мен «Қазтранском» АҚ топтары ашты. Кездесу нәтижесі – «1:0» «Астел» командасының пайдасына.
Бас сыйлық – жолдастық матч жеңімпазының Кубогын «NGN» компаниясы жеңіп алды. Екінші орында – «Қазақтелеком», үшінші орынды «Қазтелерадио» АҚ иеленді. Төртінші, бесінші орындарды «Астел» мен «Қазтранском» компаниялары бөліп алды.
Ұйымдастырушылар «NGN» компаниясының қызметкері Нұрсұлтан Сәрсеновке «Үздік ойыншы сыйлығын» тапсырды.