Жаңа мейрам – Дүниежүзілік радио күні

Бүгін 13 ақпан – халықаралық ең жаңа мейрамдардың бірі – Дүниежүзілік радио күні. Бұл мейрам туралы шешімді ЮНЕСКО 2011 жылы қабылдап, ең алғаш рет 2012 жылы атап өтілді. Радио күніне 13 ақпан да бекер таңдалып алынған жоқ, 1946 жылы 13 ақпанда алғаш рет «БҰҰ радиосы» эфирге шықты. Бұл радионың станциясы сол кезде Біріккен Ұлттар ұйымының штабында орналасқан еді.
Мейрамның құрылтайшылары бұл күн радиоға қатысы барлардың арасындағы – мейлі ол радио хабарларын таратушы ірі компания болсын немесе радиосүйгіш жеке тыңдарман болсын – ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызмет етеді деп сенеді. Сол себепті БҰҰ барлық елдерді Дүниежүзілік радио күніне қызу атсалысуға шақырады.