Республикалық «Сыйлықтар марафоны» ұтыс ойынының жеңімпазы «OTAU TV-ден» Гоаға жолдама ұтып алды

Республикалық «Сыйлықтар марафоны» ұтыс ойынының ұйымдастырушысы – «Қазтелерадио» АҚ мыңдаған қазақстандық қатысқан акцияны қорытындылады. Бұл жолы Алматы қ. тұрғыны Бараева Рано Ғалымжанқызының айы оңынан туып, Гоаға жолдаманың иегері атанды. «Қазтелерадио» қызметкерлері Рано Бараеваның жұмыс орнына барып, жеңімпазды ұжымының көз алдында құттықтап қайтты.
«Әріптесімнің айтуымен «OTAU TV» акциясына күтпеген жерден қатыстым. Ал ұтыстан жеңіп кетуім мен үшін тосынсый болды. Ұйымдастырушыларға көп рахмет. Алдағы уақытта «OTAU TV» Ұлттық телерадиохабар тарату қызметін қолданбақпын. Осындай жағымды сыйлық үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін. Гоаға бардуы бұрыннан армандап жүр едім, «OTAU TV» акциясының арқасында арманым ойламаған жерден орындала кетті», – деп, Рано сертификат тапсырудан кейін өз ойларымен бөлісті.
Акцияның талабы оңай еді: 18 жасқа толған кез келген Қазақстан азаматы freecode.kz сайтынан промо-код алып, mix-online.kz сайтында өз есімің мен қаланы көрсетіп, тиісті тетікшеге енгізу керек болатын. Бұдан өзге басқа да қатысушылар түрлі құнды сыйлықтар иеленді. Жолдама иегеріне Гоаға саяхаттан ұмытылмас естеліктермен оралуын тілейміз.