Қазақстанның радиохабар тарату желісі жаңа сапада жұмыс істейді

2015 жылдың 27 ақпанында Қазақстан Республикасының радиохабар тарату Ұлттық желісін дамыту аясында «Астана қаласындағы радиохабар тарату желісін модернизациялау» жобасы аяқталды.
«Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде отандық бұқаралық ақпарат құралдарын модернизациялау міндеттері анықталып бекітілген.
Радиохабар тарату саласы маңызды бұқаралық ақпарат құралы ретінде қарастырылып, қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуына әсер етіп, азаматтық институттардың нығайуына септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасының телерадиохабар тарату саласының Ұлттық операторы «Қазтелерадио» АҚ еліміздің бас қаласы Астанада радиохабар тарату жұмысының сапасын арттыру мақсатында, «Астана» радиотелевизиялық станциясын модернизациялау жобасын аяқтады.
Аталған жобаның жүзеге асырылуы нәтижесінде, астана тұрғындары бүгінгі күні жұмыс жасап жатқан радиохабарларды жаңа сапада тыңдап қана қоймай, жаңадан трансляцияланатын «Жұлдыз» радиобағдарламасын тыңдау мүмкіндігіне ие болды.
Телерадиохабар тарату саласындағы заманауи қондырғыларды пайдалану, бас қаламыздағы радиосигнал толқыны сенімсіз «көлеңке аймақтарды» жоюға мүмкіндік берді.
Егер, модернизациялауға дейін мемлекеттік «Қазақ радиосы» мен «Шалқар» радиобағдарламалары Астана қаласына іргелес жатқан 33 елді мекенге таралса, бүгінде олардың саны 54 жетіп тұрғындардың 92% құрады.
«Астана» радиотелевизиялық станциясынан сапалы радиохабарды тарату үшін, «Қазтелерадио» АҚ қызметкерлері қабылдау-тарату қондырғыларын жаңа техникалық талаптарға сәйкестендіріп, цифрлық телерадиохабар таратуды бақылау мен мониторингтеу жүйесімен байланыстырды. Бұл пайдаланып отырған қондырғыларды колдану мен жөндеу жұмыстарын жеңілдетіп қана қоймай, радиохабар тарату жұмысының сапасын арттырады.
Бүгінгі таңда, «Астана» РТС-нан заманауи қондырғыларды пайдалана отырып, 12 отандық радиоарна трансляцияланады.
6 радиохабардан тұратын бірінші топқа «Шалқар», «Классик FM», «Астана FM», «Тенгри FM», «Радио NS» радиолары кірсе, екінші топқа «Love Radio», «ORDA FM», «Русское Радио», «Ретро FM», «Авторадио Казахстан» және «Жұлдыз» радиоарналары енгізілді.
Жаңа қондырғыларды іске енгізу жұмысы, «Астана» РТС-нан таралатын телерадиохабарлардың техникалық қызмет өкілдерінің қатысуымен жүзеге асты.

_______________________________________

Анықтама: «Қазтелерадио» АҚ Қазақстан Республикасының эфирлік және жерсеріктік теле-радио хабар тарату саласының Ұлттық операторы болып табылады. «OTAU TV» сауда белгісімен таралатын жерсеріктік желісінің тұтынушылар саны бүгінгі таңда 850.000 астам абонентті құрайды. Цифрлық эфирлік желіні дамыту аясында, 2014 жылы «Қазтелерадио» АҚ жаңадан 297 радиотелевизиялық станцияны қолданысқа енгізіп, нәтижесінде халықтың 72 пайызына немесе 11,5 миллион қазақстандыққа цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне қосылуға мүмкіндік берді. ҚР Инвестициялар және даму Министрлігінің бекітілген стартегиялық жоспарына сәйкес, 2017 жылы 827 цифрлық радиотелевизиялық станция жұмыс істеп, республика халқының 95 пайызын цифрлық эфирлік телесигналмен қамтитын болады.