Ұлттық жерсеріктік, цифрлық эфирлік және аналогтық желілердің трансляциясы қалыпқа келтірілді.

24 сәуірде 17:00 сағатта «Intelsat 904» байланыс жерсерігінің жұмысы тесттік режимде қалыпқа келтірілді. Сонымен қатар, «Intelsat 904» байланыс жерсерігі арқылы таралатын телерадиохабар тарату жұмысын толық аяқтау шаралары жүргізілуде.
Алдында хабарланғандай, 24.04.15ж. 12 сағ. 07 мин. «Intelsat 904» байланыс жерсерігінде штаттан тыс жағдай орын алуы салдарынан «OTAU TV» абоненттері үшін телерадиохабар таратылымы уақытша жоғалып кетті. «Intelsat Global» компаниясының жерсерік операторының хабарлауынша, бұған жерсеріктің орбиталық позициясын жоғалтуы себеп болған.