Мұсылмандардың екі ұлық мейрамының бірі – Ораза Айт баршамызға құтты болсын!

 Құрметті қазақстандықтар!

 Бүгін жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі – Ораза айт мейрамы. Бұл күні Алланың разылығы үшін бір ай бойы ауыз бекітіп, мұсылмандықтың бес парызының бірі саналатын Оразаның шарттарын орындаған жандар ауыздарын ашады.

Қасиетті Рамазан айынан кейін келетін осы ұлық мерекені әлемдегі жалпы бүкіл мұсылмандар айрықша қуанышпен, зор ықыласпен атап өтеді. Өйткені Рамазан – береке мен бірлік, бейбітшілік, игілік, кешірім, мейірім және қайырымдылықтың айы болса, үш күн бойы аталып өтілетін Ораза айт адамдардың жан дүниесін, сана-сезімін, көңілін қуанышқа бөлейтін, кірбіңнен тазалайтын ұлық мереке болып саналады.

Қасиетті Рамазан айынан кейін келген ұлық мереке – Ораза Айт баршамыз үшін құтты болсын!

Туған Отанымыз – Қазақстанымыз бейбітшілік пен татулықтың құшағында өсіп-өркендеп, ана тіліміздің мәртебесі арта берсін, ислам діні қанатын кеңге жая берсін! Қазақстандағы әрбір шаңырақтың құт-берекесі молая түссін!

Айт қабыл болсын, ағайын!

Құрметпен,

«Қазтелерадио» АҚ

Рощинское РТС-дағы аналогтық телевизиялық таратқыштардың өшірілуі

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощино ауылында 2015 жылдың 11-13 шілдесінде сағат 08:00 бен 18:00 аралығында Рощинское РТС-да (ПРС-35) жөндеу жұмыстарын жүргізіледі. Соған байланысты «Евразия» (8ТВК), «Қазақстан» (11 ТВК), «Хабар» (2 ТВК), 24 KZ (51 ТВК) телеарналарының аналогтық таратқыштарын өшіру жоспарланған.

Уақытша қолайсыздық туғызғанымыз үшін кешірім өтінеміз.

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Астана күнімен құттықтаймыз!

Құрметті қазақстандықтар !

Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Биыл еліміз Астана қаласының 17 жылдық мерейтойын атап өтеді.

«Қазтелерадио» АҚ өз ісінің шеберлері сұрақ қояды» атты викторина қорытындысы

А.ж. 26 маусымда Ұйымдастыру және бақылау департаментінің Мемлекеттік тіл бөлімімен Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, Қоғамның ОА қызметкерлері арасында Lotus Notes арқылы «Қазтелерадио» АҚ өз ісінің шеберлері сұрақ қояды» тақырыбына викторина өткізілді.