Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймыз!

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді ұлттық мейрам – Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймыз!

 

Ұлтымыздың ұлан-ғайыр тарихында Қасым ханның «Қасқа жолынан» бастау алған бүгінгі Конституциямыз – Елбасы ұсынып, халық қолдаған, елімізді биік белеске шығарған, тарихи маңызы аса зор құжат. Биыл біз Конституциямыздың 20-жылдығын атап өткелі отырмыз. Ата Заңды ардақтау – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздегі әрбір азаматтың асыл парызы.

Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Ізгі ниетпен,

«Қазтелерадио» АҚ 

 

«Қазтелерадио» АҚ, дистрибьютерлер және өндірушілер арасында үш жақты меморандумға қол қойылды

Алдағы уақытта Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне толықтай көшеді, әрі аналогтық эфирлік телехабар тарату желісі өшіріледі деп жоспарлануда. Соған байланысты, 2015 жылдың 6 тамызында Ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметін дәріптеу бойынша абоненттік құрылғыны өндірушілер және дистрибьютерлермен арада өзара әріптестік туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Меморандумға сәйкес, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында отандық телетаралымның қамту аумағын 95 пайызға жеткізу мақсатында үш тарап ұйымдастырылған, келісілген іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етуі тиіс.

Ұлттық телехабар тарату желісі қызметінің ресми дистрибьютерлерінің тізімі:

-  ТОО «STI Telecom»;

-  ИП Панько А.Г.;

-  ТОО «NNK Trade»;

-  ИП Сарымсаков Р.;

- ИП Исаков;

- ТОО «Амек Плюс».

Клиенттік қондырғыны өндірушілер:

1)  АО «Завод им. С.М.Кирова»;

2) ТОО «Mitio Electronics Co., Ltd»;

3)  ТОО «Торговый дом Skynetcom»;

4)  ТОО «ZTE Kazakhstan»;

5) ТОО «NNK Trade»;

6) CEO of Strong International.

Бұл келісім Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының халқы үшін жерсеріктік және цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне жеңілдікпен қосылуға мүмкіндік береді:

- Ұлттық жерсеріктік «OTAU TV» телехабар тарату желісіне қосылу құны 18 000 теңгеден аспауы тиіс. Бұл сомаға қосылуға қажет қондырғының толық жиынтығы мен монтаждау-күйге келтіру жұмыстарының құны енеді.

- Ұлттық цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне қосылу құны 12 000 теңгеден аспауы тиіс. Бұл сомаға цифрлық эфирлік қабылдағыш, антенна мен монтаждау-күйге келтіру жұмыстарының құны енеді. Тұрғындар үшін қабылдағыштардың бағасы 9 000 теңгеден аспайды.

Сонымен қатар, ұлттық жерсеріктік және цифрлық эфирлік телехабар тарату желілеріне қосылудың бір реттік төлемін қосылу және келісім-шартқа қол қойған уақыттан бастап үш айға кері шегеру мүмкіндігі бар.

«Қазтелерадио» АҚ Бас коммерциялық директоры Бахтияр Ошурбаев:

«2014 жылы Алматы, Жамбыл, Оңтүстік қазақстан облыстарында 297 цифрлық РТС іске қосылды. Цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі елді мекенге байланысты 15 тен 30-ға дейін отандық телеарнаны көрсетеді. 2015 жылы аталмыш облыстарда цифрлық эфирлік желіге көшу жұмыстары аяқталып, аналогтық телехабар тарату желісі өшіріледі деп жоспарлануда».

Естеріңізге сала кетсек, цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне көшу Қазақстан қол қойған «Женева 2006» халықаралық келісімнің аясында жүзеге асуда.

Желі жалпы алғанда цифрлық таралымды қатамасыз ететін 827 радиотелетарататын станциядан (РТС) құралатын болады. Желіні тарту технологиясы арналар топтамасын (мультиплекстер) республикалық деңгейдегі орталық мемлекеттік және коммерциялық арналармен қатар облыстық, жергелікті телеарналарды қосып жасақтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта ел тұрғындарының 72 пайызы цифрлық эфирлік телехабар тарату (ЦЭТВ) желісіне қосыла алады. Жоба аяқталған соң, ұлттық цифрлық телехабар тарату желісінің қамту аумағы 95 пайызға жеткізіледі.