Құрбан айт мейрамы құтты болсын!

Құрметті мұсылман бауырлар мен отандастар!

Баршаңызды айтулы мереке – Құрбан айт мейрамымен құттықтаймыз!
Осы қасиетті күндері көпшілік жұрт құрбандық шалып, бір-біріне тек жақсылық тілейді. Береке мен бірлікті, қайырым мен қанағатты арттыратын құтты мейрам – Құрбан айт адамдардың етене араласуына, ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашады. Қазақстандағы түрлі дін өкілдерінің өзара татулығы әлемге үлгі көрсетіп отырғаны қуантады.

Құрбан айт мүбәрак болсын! Барша қазақстандықтарға береке-бірлік, бейбіт өмір, әр шаңыраққа игілік пен амандық тілейміз!

 

«Қазтелерадио» АҚ ұжымы