Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі тойымен құттықтаймыз!

Құрметті қазақстандықтар!

Барша қазақстандықтарды Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі тойымен құттықтаймыз!
Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау, өскелең ұрпақ үшін ұлы тарих беті. Керей мен Жәнібек бабаларымыздың осындай кең байтақ жер, бірлігі жарасқан ел сыйлағаны — біз үшін ұлы тарих. Сол бір заманда алтын орда тігіп, Қозыбасының төрінде ұлттық мемлекет құрды. 200 мың халықтың бірлігін нығайтып, әскерін жасақтады. Сол батыр бабаларымыздың күшімен, ақ найзаның ұшымен ұлан-ғайыр атырапты сақтап қалды.
Қазақ еліне тілеріміз: заманымыз тыныш болып, егеменді еліміз жасай берсін. Әлемге атымыз танылып, бай-қуатты ел болайық!

Құрметпен,
«Қазтелерадио» АҚ