Ұлттық жерсеріктік «OTAU TV» телерадиохабар тарату желісі абоненттерінің саны 1 000 000 үй шаруашылығынан асты

Бүгінде «OTAU TV» отандық жерсеріктік оператордың абоненттер саны 1 000 000-ға жетті.
2011 жылдың 18 қаңтарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен OTAU TV ұлттық жерсеріктік телеxабар тарату желісі іске қосылды. Жобаның басты мақсаты республиканың барлық тұрғынын тең жағдайда ақпарат көзіне қолжетімділікпен қамтамасыз ету. 5 жылдық жұмыстың нәтижесі ретінде абоненттер саны 1 047 552 қолданушыға дейін өсті, бұл республика xалқының 23 пайызы.
- DVB-S2 MPEG-4 цифрлық форматта жұмыс істейтін Ұлттық жерсеріктік «OTAU TV» телерадиохабар тарату желісі Қазақстанның кез келген жерінде отандық 40 телеарна мен 14 радиоарнаны тегін тамашалап/тыңдауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда «OTAU TV» пайдаланушыларының басым бөлігі ОҚО-да тіркелген, бұл облыстың Қазақстан Республикасындағы ең xалқы тығыз орналасқан аймақтың бірі болуына байланысты. Бүгінде әрбір төртінші «OTAU TV» қондырғысы осы аймаққа келеді, мұнда жерсеріктік телевизия қызметін 200 000 абонент, цифрлық эфирлік телеxабар тарату желісін 35 000 абонент пайдаланады. Сондай-ақ, «OTAU TV» абоненттерi рейтингі жоғары танымал шетелдік телеарналардан тұратын ақылы топтамаға қолжетімді бағаға қосылуға болады, – деп атап өтті «Қазтелерадио» АҚ Бас коммерциялық директоры Бахтияр Ошурбаев.
19 қаңтар күні «Қазтелерадио» АҚ басшылығының қатысуымен мерейтойлық абонентке сыйлық тапсыру рәсімі өтті. Ұлттық жерсеріктік «OTAU TV» телерадиохабар тарату желісінің миллионыншы абоненті – Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы Ақарыс ауылының тұрғыны Тамара Биназара болып шықты.Бағалы сыйлық ретінде HD форматындағы сұйықкристалды теледидарды қанжығасына байлаумен қатар, абонент «Толық» ақылы арналар топтамасына 12 ай мерзім тегін тамашалайтын болады.

Тамара Биназарова, Ақарыс ауылының тұрғыны:
- Мен үшін біздің отбасы миллионыншы абонент болғаны күтпеген жаңалық болды. Біздің үйдің маңында жота болғандықтан, осы 2 желтоқсанға дейін уақытқа дейін аналогтық желіде тек 1 телеарна ғана тамашалап келгенбіз. Балалар жерсеріктік телехабар тарату желісін қосып беріңіздер деп сұрағалы қай заман. «OTAU TV» туралы көп естідік, әсересе ауыл тұрғындары көп мақтайды, оның үстіне жарнамасы да көптеп беріліп жатыр. Өзімізге сапасы ұнайды. Әзірге тегін арналарды көріп отырмыз, болашақта ақылы топтамаға қосылатын ойымыз бар. Ең алдымен Қазтелерадио компаниясынак көп рахмет білдіреміз, жақсы сапалы қызмет көрсетіп жатқандарына, және бізді мерейтойлық абонент ретінде елеп-ескеріп сыйлық тапсырып жатқандары үшін.

 

 

- Таяу жылдарға дейін облыстағы 67 елді мекенннің тұрғындары аналогтық желіде небәрі 1-2 телеарнаны тамашалап келген. Енді цифрлық жерсеріктік және эфирлік телехабар тарату желілері іске қослығалы бері, оңтүстікқазақстандықтар цифрлық сападағы отандық телеарналардың сигналымен толық қаматамасыз етілген, – дейді Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов.

«Қазтелерадио» АҚ Бас техникалық директорының орынбасары –телерадиохабар тарату желілерін пайдалану бойынша Басқарушы директор Теміржан Құлбаев:
«Қазтелерадио» Акционерлік қоғамы — республика халқын эфирлік және жерсеріктік желілер арқылы телевизия және радиохабар тарату бағдарламаларын қабылдаумен қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық операторы.
Қызметтің стратегиялық бағыттары
• Жерсеріктік телерадио хабарларын таратудың ұлттық жүйесін дамыту;
• Эфирлік цифрлық телевизия мен радиохабар тарату желісін енгізу және дамыту;
• Деректерді жіберу қызметтерін ұсыну;
2011 жылы ұлттық цифрлық жерсеріктік және эфирлік хабар таратуды енгізу бағдарламасын іске асыру басталды.
1-ші деңгей – DVB-S2 стандартты телехабар таратудың цифрлық жерсеріктік желісін құру. «OTAU TV» жерсеріктік цифрлық телехабар таратуды пайдалануға ресми енгізу 2011 ж. 18 қаңтарда өтті. Жерсеріктік желіні пайдалануға енгізгеннен кейін ел тұрғындары қала деңгейінен бастап ең шеткері елді мекенге дейін 37 республикалық және өңірлік телерадиобағдарламаны байланыстың жерсеріктік арнасы арқылы тегін қабылдау мүмкіндігіне ие болды. Ұлттық жерсеріктік желі телерадио хабарларын таратудың барлық операторлары үшін бастапқы магистралды таратқыш желі болып табылады. Бүгінгі күні хабар таратудың жерсеріктік желісі арқылы телерадиоранларды тарату «Интелсат» шетелдік ғарыштық аппаратының ресурстары арқылы жүзеге асырылады. «Казсат» сериялы отандық жерсеріктерге көшу мақсатында Ұлттық хабар тарату желісінің техникалық орталықтарын жарақтандыру бойынша техникалық іс-шаралар басталды.
Хабар тарату желісін отандық жерсерікке ауыстыру елдің ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, жерсеріктік ресурстарды кеңейту заманауи телевизия нарығындағы ең бір талап етілетін өнімдердің бірі – жоғары айқындықтағы цифрлық телевизияны немесе HD форматтағы телевизияны одан әрі дамытуға жағдай туғызады. Қазіргі сәтте 2 отандық «Казспорт» пен «24КЗ» телеарналарын қабылдау HD форматта ұйымдастырылған.
Хабар таратудың жерүсті аналогты эфирлік желісін цифрлық технологияларға ауыстыру бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде 2012 жылы Ұлттық цифрлық эфирлік хабар тарату желісі Астана, Алматы, Карағанды, Жезқазған, Жаңаөзен қалаларында пайдалануға енгізілді. 2013 жылдың қорытындылары бойынша цифрлық эфирлік хабар тарату барлық облыс орталықтарында және толықтай Маңғыстау облысында енгізілді, осылайша елдің 51% халқына цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға қолжетімділік қамтамасыз етілді.
2014-2015 жылдары «Қазтелерадио» АҚ 297 радиотелевизиялық станцияны пайдалануға енгізді, нәтижесінде халықты цифрлық эфирлік хабар таратумен 72% қамту немесе 11,5 млн. адам қамтамасыз етілді. Елдің төрт облысында: Маңғыстау, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстанда жобаның технологиялық бөлігі іс жүзінде толығымен аяқталды. Халықты цифрлық телевизияға толықтау көшіру мен аналогты телехабар таратуды өшіруді қамтамасыз ету үшін халықты қамтудың 95% деңгейін қамтамасыз ету қажет. Осы міндетті іске асыру шеңберінде Маңғыстау облысы бүгінгі күні-ақ толық көшуге дайын, ал Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бізге ағымдағы жыл ішінде жерсеріктік және цифрлық эфирлік телехабар таратуға шамамен 500 000 үй шаруашылығын қосу керек.
Цифрлық эфирлік телехабар таратуды енгізу жөніндегі жұмыстар елдің батыс және шығыс өңірлерінде биылғы жылы да жалғасын табады. Тұтастай алғанда жобаны келесі жылдың аяғына дейін іске асыруды қамтамасыз ету жоспарлануда.