13 ақпан – Дүниежүзілік радио күні.

Дүниежүзілік радио күні – жаңа мереке, ол алғаш рет 2012 жылы атап өтілді. Бұл атаулы күн 2011 жылғы 3 қарашада ЮНЕСКО Бас конференциясының 36-шы отырысында бекітілген. Халықаралық күнді енгізуге Испания бастамашы болды. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. 1946 жылы 13 ақпанда БҰҰ өзінің радиоқызметін – БҰҰ радиосын іске қосты. Оның станциясы БҰҰ штаб-пәтерінде орналасты.

1946 жылы ақпанның дәл 13-і күні «БҰҰ Радиосы» эфирге шықты, оның стансысы Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде орналасты.

Бұл мерекеге орай ЮНЕСКО-ға кіретін көптеген мемлекеттерде радиотарату компанияларының қатысуымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Қазір елімізде тыңдаушының құлақ құрышын қандырып, түрлі хабарлар таратып жүрген радио көп. Мәселен, Қазақ радиосының Алтын қорында 172 мыңға жуық үнтаспа сақталыпты.

Ең алғаш радиоэфирде қазақ тілді хабарлар 1927 жылы таратыла бастады. Ал төрт жылдан соң бүкіл репбликаға шыға бастады. Үнтаспа арқылы дауыс жазып жүрген бұл қара шаңырақта қазір сандық технологияда жұмыс жасайды.

Алтын қорда 1948 жылдан бастап ұлт мүддесін ұлықтаған аға -апаларымыздың дауыстары сақталған. Мұнда 172000 ға жуық үнтаспа бар екен. Қазіргі таңда бұл үнтаспалар жаңа заманға сай етіліп, дисктерге көшіріліп жатқан көрінеді. Қазақтың Левитаны атанған Әнуарбек Байжанбаевтың дауысын да осы жерде кездестіруге болады.

Сауық Жақанова радио эфирінде 46 жыл қызмет еткен. Әдеби хабарларды жүргізген ол қазақтың алтын дауыстарын бірден таниды. Өйткені ол Шәрипа Бейсенеева, Жәнел Асқарова, Әнуарбек Байжанбаев, сынды дикторлармен бірге жұмыс жасаған.

ЮНЕСКО бекіткен Дүниежүзілік радио күнінен бөлек, бұл байланыс түрін ұнатушылар сондай-ақ 18 ақпан – Дүниежүзілік радио сүюші күнін атап өтеді. 1925 жылы осы күні Парижде Халықаралық радио сүюшілер одағы құрылды.