Мерекелік танымдық викторина

Қазіргі ақпараттық технология дамыған заманда өмірімізді телевизия және радиосыз, жалпы алғанда ақпараттық байланыс қызметтерінсіз елестету мүмкін емес. Бұл ретте, жерсерік әлемі арқылы ақпараттардың таралуына үздіксіз қызмет көрсетіп отырған телерадио саласының кәсіпқой қызметкерлерінің еңбегі зор. Әлем елдері арасында ақпараттың алтын көпірін орнатып, республикамыздың заманға сай өркендеуіне зор үлес қосуда. Осы салада қызмет көрсетіп отырған байланыс саласының қызметкерлері жұмыстарыңызға толағай табыстар, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз!

Байланыс және ақпарат жұмыскерлерінің кәсіби мерекесіне орай, ағымдағы жылдың 28 маусымында «Қазтелерадио» АҚ Қоғам қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, Lotus Notes арқылы арнайы танымдық викториналық сұрақтар жіберді. Аталмыш сала қызметкерлерінің жұмыстарына тікелей байланысты сұрақтармен құрастырылған викторина Қоғам қызмкеткерлерінің өз кәсіби білімдерін көрсетулеріне тамаша мүмкіндік туғызды.

Мерекеге орай әзірленген викториналық сұрақтар қорытындысы бойынша үздік бестікке толық және ең алғаш жауап берген бес қызметкер ілінді. Олар, PR және жарнама қызметінің бас және 1 санатты менеджерлері Дана Қасымова мен Диана Джалилова, Тарифтер департаментінің 1 санатты менеджері Камилла Макулова, Телерадио хабарларын тарату желілерін есепке алу және ресурстарын бақылау департаментінің бас менеджері Мұрат Төлеубаев, Корпоративтік менеджмент қызметінің 1 санатты менеджері Әсел Ахметказиева.

Талапқа сай аз уақытта шұғыл түрде жұмыс жасап, белсенділік танытқан Қызметтерді жоспарлау және мониторингтеу депратаментінің 1 санатты менеджері Бахавадин Джамалов, Өндірстік және әкімшілік қамтамасыз ету депратаментінің 1 санатты менеджері Анар Мейрманова, Тарифтер департаментінің 1 санатты менеджері Самал Жапаева, ТРХТ желілері сапасын бақылау қызметінің 1 санатты менеджері Нұржан Оқасов, Жесеріктік деректерді беру қызметінің бас маманы Дархан Искаков сынды қызметкерлерге алғысымызды білдіреміз!

Топ жарған үздік бестік арнайы сыйлықтармен марапатталып, естелік суретке түсіп, мәз-мейрам болды.

Қазақстанда цифрлық эфирлік телевизия арналарын шифрлауға арналған шартты қолжетімділік жүйесі жойылады

 

Телерадио хабарларын тарату саласындағы Ұлттық оператор – «Қазтелерадио» АҚ еркін қолжетімді арналарға шартты қолжетімділік жүйесін (ары қарай – ШҚЖ) өшіру бойынша жұмыстар жүргізді. Жүйе бұрын цифрлық эфирлік телевизия сигналын кодтау мақсатында енгізілген болатын.

9 маусым – Ұлттық аза тұту күні

Ақтөбе қаласында жасалған террористік актінің салдарынан әскери қызметшілер мен азаматтардың қаза болуына байланысты Елбасы Өкімімен Қазақстан Республикасында 2016 жылғы 9 маусымда ұлттық аза тұту жарияланды. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұлттық аза тұту күндерінде жарнама, ойын-сауық телевизиялық және радио бағдарламаларының хабар таратылуы 00:00  09.06.2016 ж. бастап 00:00 10.06.2016 ж. дейн (Астана қ. ауқыты бойынша) тоқтатылады.

 

«Көктөбе» телемұнарасының іске қосылғанына 32 жыл толды

1 маусым күні «Көктөбе» телемұнарасының іске қосылғанына 32 жыл толды.
Мұнараның теңіз деңгейінен биіктігі 1452 метрді құрайды.
Қазіргі уақытта «Көктөбе» телемұнарасы Қазақстанның телевизиялық хабар таратын цифрлық форматқа көшіру үрдісіне қатысатын ең маңызды нысандардың бірі болып табылады. Мұнараның дәл жүрегінде бүкіл Қазақстан бойынша цифрлық хабар тарату желісін бақылайтын «Қазтелерадио» Желі сапасын басқару және мониторингтеу Орталығы орналасқан.