Мерекелік танымдық викторина

Қазіргі ақпараттық технология дамыған заманда өмірімізді телевизия және радиосыз, жалпы алғанда ақпараттық байланыс қызметтерінсіз елестету мүмкін емес. Бұл ретте, жерсерік әлемі арқылы ақпараттардың таралуына үздіксіз қызмет көрсетіп отырған телерадио саласының кәсіпқой қызметкерлерінің еңбегі зор. Әлем елдері арасында ақпараттың алтын көпірін орнатып, республикамыздың заманға сай өркендеуіне зор үлес қосуда. Осы салада қызмет көрсетіп отырған байланыс саласының қызметкерлері жұмыстарыңызға толағай табыстар, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз!

Байланыс және ақпарат жұмыскерлерінің кәсіби мерекесіне орай, ағымдағы жылдың 28 маусымында «Қазтелерадио» АҚ Қоғам қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, Lotus Notes арқылы арнайы танымдық викториналық сұрақтар жіберді. Аталмыш сала қызметкерлерінің жұмыстарына тікелей байланысты сұрақтармен құрастырылған викторина Қоғам қызмкеткерлерінің өз кәсіби білімдерін көрсетулеріне тамаша мүмкіндік туғызды.

Мерекеге орай әзірленген викториналық сұрақтар қорытындысы бойынша үздік бестікке толық және ең алғаш жауап берген бес қызметкер ілінді. Олар, PR және жарнама қызметінің бас және 1 санатты менеджерлері Дана Қасымова мен Диана Джалилова, Тарифтер департаментінің 1 санатты менеджері Камилла Макулова, Телерадио хабарларын тарату желілерін есепке алу және ресурстарын бақылау департаментінің бас менеджері Мұрат Төлеубаев, Корпоративтік менеджмент қызметінің 1 санатты менеджері Әсел Ахметказиева.

Талапқа сай аз уақытта шұғыл түрде жұмыс жасап, белсенділік танытқан Қызметтерді жоспарлау және мониторингтеу депратаментінің 1 санатты менеджері Бахавадин Джамалов, Өндірстік және әкімшілік қамтамасыз ету депратаментінің 1 санатты менеджері Анар Мейрманова, Тарифтер департаментінің 1 санатты менеджері Самал Жапаева, ТРХТ желілері сапасын бақылау қызметінің 1 санатты менеджері Нұржан Оқасов, Жесеріктік деректерді беру қызметінің бас маманы Дархан Искаков сынды қызметкерлерге алғысымызды білдіреміз!

Топ жарған үздік бестік арнайы сыйлықтармен марапатталып, естелік суретке түсіп, мәз-мейрам болды.