Байланыс және ақпарат жұмысшыларының күніне орай, «Қазтелерадио» АҚ-ның жұмыскерлері «Үздік байланысшы» төсбелгісімен марапатталды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігінің 2016 жылғы 20 маусымдағы №4 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының дамуына қосқан жеке үлесі мен адал еңбегі үшін Байланыс және ақпарат жұмысшыларының күніне орай, «Қазтелерадио» АҚ-ның төмендегі жұмыскерлері «Үздік байланысшы» төсбелгісімен марапатталды:

1. Костомаров Олег Анатольевич, «Қазтелерадио» АҚ филиалының бас инженері;

2. Нугуманова Сабира Сеиткановна, «Қазтелерадио» АҚ Жобаларды басқару департаментінің директоры;

3. Акпенова Раушан Тулиевна, Басқарушы директор – «Қазтелерадио» АҚ филиалы «Желілерді құру және техникалық қолдау жөніндегі дирекция» директоры;

4. Матвеев Сергей Александрович, «Қазтелерадио» АҚ филиалы «РадиоТелехабар таратудың Батыс Қазақстан Облыстық Дирекциясы» РТС-ның цифрлық жабдығына техникалық қызмет көрсету жөніндегі 1санатты инженері;

5. Абитова Рахия Отепбаевна, «Қазтелерадио» АҚ телерадиокомпаниялармен өзара іс-қимыл департаментінің бас менеджері;

6. Бежевцов Геннадий Павлович, «Қазтелерадио» АҚ филиалы «РадиоТелехабар таратудың Алматы Облыстық Дирекциясы» Қабанбай Өңірлік техникалық торабының бастығы.

«Қазтелерадио» АҚ-ның басшылығы мен бүкіл ұжымы табыстары ең жоғары бағаға лайық өз ісінің кәсіби шеберлеріне өздерінің шынайы ізгі ниетін білдіреді.

Сіздер үлкен жұмыс тәжірбиесінің нәтижесінде аса білікті маман сыздар, өздеріңіздің терең білімдеріңіз бен бай кәсіби тәжірбиелеріңізді, шығармашылық белсінділік пен еңбектеріңізді жас мамандарға үйретуден жалықпайсыздар. Сіздердің еңбексүйгіштіктеріңіз, тапсырылған жұмысқа деген жоғары жауапкершіліктеріңіз, қарым-қатынастағы парасаттылық пен ықыластылық үшін әріптестеріңіз шексіз құрметін білдіреді.

Сіздерге ынтымақтастықта атқарылған табысты істеріңіз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Барлықтарыңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, тамаша көңіл-күй мен сарқылмайтын жігер тілейміз!