Құрметті «OTAU TV» абоненттері!

«OTAU TV» жерсеріктік телерадио хабар тарату қызметін көрсету туралы жария келісім-шарттың 4.4 тармағына сәйкес, 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Толық» арналар топтамасы үшін абоненттік төлем құны айына 2500 теңгені құрайды.

Толық ақпаратты otautv.kz сайтынан, немесе 8(727)2581500 телефондары арқылы біле аласыздар.

Тлешов Тлеужан Темиралиевич «Қазтелерадио» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде сайланды

2016 жылғы 29 шілдедегі («Зерде» ұлттық инфокуммуникациялық холдингі» АҚ) Жалғыз акционердің шешімімен «Қазтелерадио» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесші міндеттерін атқарушы Тлешов Тлеужан Темиралиевич сайланды.

Тлеужан Тлешов 1981 жылы туылған. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (бұрынғы НАРХОЗ) экономист мамандығы бойынша, Қазақ ұлттық аграрлық университетін заңгер мамандығы бойынша, «Агроөнеркәсіптік кешен экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту» ҒЗИ РМК аспирантурасын экономикалық ғылымдар кандидаты деңгейін иелене отырып яқтады.

2000-2003 жылдары «АТФ Банк» АҚ несиелеу департаментінде жұмыс істеді.

2003-2010 жылдары «Менің үйім» ЖШС директоры.

2010 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің баспасөз – хатшысы болды.

2011-2014 жылдары Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы, «Экономика және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеді.

2012-2013 жылдары «Нұрсат» АҚ коммерциялық директоры лауазымында жұмыс атқарды.

2014 жылдары «Отан» АЖЗҚ» АҚ әкімшілік директоры болып жұмыс істеді.

Әртүрлі жылдарда келесі компаниялардың Директорлары кеңесінің құрамына кірді: «Prime Financial Solutions» АҚ, «Отан» АЖЗҚ» АҚ, «Ақтөбе ЖЭС» АҚ, «Самұрық Энерго» АҚ.

Медальдары мен марапаттары: «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасы ҰҚҚ шекара қызметі Авиациялық базасына 80 жыл» медальдері, Халықаралық экологиялық палатаның Құрметті профессорының дипломы. 

Машабаев Азат Еркинович «Қазтелерадио» АҚ Тәуелсіз директоры – Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде сайланды

2016 жылғы 29 шілдедегі («Зерде» ұлттық инфокуммуникациялық холдингі» АҚ) Жалғыз акционердің шешімімен «Қазтелерадио» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз директоры – ретінде Машабаев Азат Еркинович сайланды.

Азат Машабаев 1979 жылы туылған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша, Бремен Мемлекеттік университетінің заң факультеті магистратурасын бітірді. RWE AG,  Гамбург қ. (Германия), Ішкі аудиторлардың институтының, Мәскеу (Ресей), ҚМЭБИ және Тәуелсіз директорлар қауымдастығы (Қазақстан) курстарында оқудан өтті. Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының квалификациялық куәліктеріне ие. Ішкі аудиторлардың халықаралық институтының,  «Болашақ» халықаралық стипендиясы бітірушілерінің қауымдастығы кеңесінің, Қазақстандық және Ресейлік тәуелсіз аудиторлардың қауымдастығының мүшесі, сертификатталған тәуелсіз директор.

1999-2001 жылдары «Каспий Банкі» АҚ заңды кеңесші болып жұмыс істеді.

2004-2008 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ әртүрлі құрылымдарында жұмыс істеді, ішкі аудит қызметін, ішкі аудит департаментін басқарды.

2008-2009 жылдары «Самұрық – Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» АҚ стратегиялар, корпоративті басқару және активтерді басқару департаментіне басшылық етті.

2009-2010 жылдары «Кателко» АҚ (Алматы) маркетинг бойынша басқарушы директор болып жұмыс істеді.

2010-2012 жылдары «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары – әкімшілі-стратегиялық басқару жөніндегі бас директорының лауазымында жұмыс істеді, сондай-ақ Басқарманың құрамына кірді. Кейін «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК бас директорының бірінші орынбасары орнын алды.

2012-2014 жылдары ҚР Strategy Partners Group кеңсесінің басшысы болды.

2014-2016 жылдары «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс атқарды.

2016 жылдың мамырынан бастап қазіргі уақыт арлығында «EASTCOMTRANS» ЖШС бас директорының орынбасары.

Әртүрлі жылдары келесі компаниялардың Директорлары кеңесінің құрамына кірді және тәуелсіз директоры болды: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Сарыарқа» ӘКК ҰК» АҚ, «Қазақ – Тәжік тікелей инвестициялар қоры» АҚ, «Қазақ – Қырғыз тікелей инвестициялар қоры» АҚ, «ҚазАгроФинанс» АҚ.