«Қазтелерадио» АҚ, дистрибьютерлер және өндірушілер арасында үш жақты меморандумға қол қойылды

Алдағы уақытта Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне толықтай көшеді, әрі аналогтық эфирлік телехабар тарату желісі өшіріледі деп жоспарлануда. Соған байланысты, 2015 жылдың 6 тамызында Ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметін дәріптеу бойынша абоненттік құрылғыны өндірушілер және дистрибьютерлермен арада өзара әріптестік туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Меморандумға сәйкес, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында отандық телетаралымның қамту аумағын 95 пайызға жеткізу мақсатында үш тарап ұйымдастырылған, келісілген іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етуі тиіс.

Ұлттық телехабар тарату желісі қызметінің ресми дистрибьютерлерінің тізімі:

-  ТОО «STI Telecom»;

-  ИП Панько А.Г.;

-  ТОО «NNK Trade»;

-  ИП Сарымсаков Р.;

- ИП Исаков;

- ТОО «Амек Плюс».

Клиенттік қондырғыны өндірушілер:

1)  АО «Завод им. С.М.Кирова»;

2) ТОО «Mitio Electronics Co., Ltd»;

3)  ТОО «Торговый дом Skynetcom»;

4)  ТОО «ZTE Kazakhstan»;

5) ТОО «NNK Trade»;

6) CEO of Strong International.

Бұл келісім Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының халқы үшін жерсеріктік және цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне жеңілдікпен қосылуға мүмкіндік береді:

- Ұлттық жерсеріктік «OTAU TV» телехабар тарату желісіне қосылу құны 18 000 теңгеден аспауы тиіс. Бұл сомаға қосылуға қажет қондырғының толық жиынтығы мен монтаждау-күйге келтіру жұмыстарының құны енеді.

- Ұлттық цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне қосылу құны 12 000 теңгеден аспауы тиіс. Бұл сомаға цифрлық эфирлік қабылдағыш, антенна мен монтаждау-күйге келтіру жұмыстарының құны енеді. Тұрғындар үшін қабылдағыштардың бағасы 9 000 теңгеден аспайды.

Сонымен қатар, ұлттық жерсеріктік және цифрлық эфирлік телехабар тарату желілеріне қосылудың бір реттік төлемін қосылу және келісім-шартқа қол қойған уақыттан бастап үш айға кері шегеру мүмкіндігі бар.

«Қазтелерадио» АҚ Бас коммерциялық директоры Бахтияр Ошурбаев:

«2014 жылы Алматы, Жамбыл, Оңтүстік қазақстан облыстарында 297 цифрлық РТС іске қосылды. Цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі елді мекенге байланысты 15 тен 30-ға дейін отандық телеарнаны көрсетеді. 2015 жылы аталмыш облыстарда цифрлық эфирлік желіге көшу жұмыстары аяқталып, аналогтық телехабар тарату желісі өшіріледі деп жоспарлануда».

Естеріңізге сала кетсек, цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне көшу Қазақстан қол қойған «Женева 2006» халықаралық келісімнің аясында жүзеге асуда.

Желі жалпы алғанда цифрлық таралымды қатамасыз ететін 827 радиотелетарататын станциядан (РТС) құралатын болады. Желіні тарту технологиясы арналар топтамасын (мультиплекстер) республикалық деңгейдегі орталық мемлекеттік және коммерциялық арналармен қатар облыстық, жергелікті телеарналарды қосып жасақтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта ел тұрғындарының 72 пайызы цифрлық эфирлік телехабар тарату (ЦЭТВ) желісіне қосыла алады. Жоба аяқталған соң, ұлттық цифрлық телехабар тарату желісінің қамту аумағы 95 пайызға жеткізіледі.

Мұсылмандардың екі ұлық мейрамының бірі – Ораза Айт баршамызға құтты болсын!

 Құрметті қазақстандықтар!

 Бүгін жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі – Ораза айт мейрамы. Бұл күні Алланың разылығы үшін бір ай бойы ауыз бекітіп, мұсылмандықтың бес парызының бірі саналатын Оразаның шарттарын орындаған жандар ауыздарын ашады.

Қасиетті Рамазан айынан кейін келетін осы ұлық мерекені әлемдегі жалпы бүкіл мұсылмандар айрықша қуанышпен, зор ықыласпен атап өтеді. Өйткені Рамазан – береке мен бірлік, бейбітшілік, игілік, кешірім, мейірім және қайырымдылықтың айы болса, үш күн бойы аталып өтілетін Ораза айт адамдардың жан дүниесін, сана-сезімін, көңілін қуанышқа бөлейтін, кірбіңнен тазалайтын ұлық мереке болып саналады.

Қасиетті Рамазан айынан кейін келген ұлық мереке – Ораза Айт баршамыз үшін құтты болсын!

Туған Отанымыз – Қазақстанымыз бейбітшілік пен татулықтың құшағында өсіп-өркендеп, ана тіліміздің мәртебесі арта берсін, ислам діні қанатын кеңге жая берсін! Қазақстандағы әрбір шаңырақтың құт-берекесі молая түссін!

Айт қабыл болсын, ағайын!

Құрметпен,

«Қазтелерадио» АҚ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Астана күнімен құттықтаймыз!

Құрметті қазақстандықтар !

Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Биыл еліміз Астана қаласының 17 жылдық мерейтойын атап өтеді.

«Қазтелерадио» АҚ өз ісінің шеберлері сұрақ қояды» атты викторина қорытындысы

А.ж. 26 маусымда Ұйымдастыру және бақылау департаментінің Мемлекеттік тіл бөлімімен Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, Қоғамның ОА қызметкерлері арасында Lotus Notes арқылы «Қазтелерадио» АҚ өз ісінің шеберлері сұрақ қояды» тақырыбына викторина өткізілді.