«OTAU TV-мен бірге Наурыз тойла» акциясының жеңімпаздары марапатталды

«Қазтелерадио» АҚ өкілдері «OTAU TV-мен бірге Наурыз тойла» акциясының жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен естелік кәделер таратты. Басты жүлде – Гоа аралдарына екі адамға жолдаманы OTAU TV жерсеріктік телехабар таратушысының абоненті, Астана қаласының тұрғыны Юсупова Мариям Абдуллақызы ұтып алды.

Жамбыл облысы Бектөбе ауылының тумасы Әбдіразақ Пірәлиев пен Астана қаласының тағы бір тұрғыны Перуза Әбдумажитоваға салтанатты түрде сұйықкристалды теледидар тапсырылды.

Біз жеңімпаздарымыздан өз әсерлерімен бөлісуін сұрадық.

Мариям Юсупова: Сыйлық ұтып алғаным мен үшін күтпеген жаңалық болды. «OTAU TV»-дің ақылы топтамасына қосылып, осылайша Гоаға екі бірдей жолдама ұтып алғаныма басында әрине сенбедім. «OTAU TV» желісіндегі сүйікті арналарымызды отбасымызбен бірге тамашалаймыз. Сіздерге көп рахмет!

Әдбіразақ Жолшыбеков, 57 жаста, инженер: Шыны керек маған алғаш «теледидар ұттыңыз» деп қоңырау шалғанда, мүлде сенбедім. Өйткені біріншіден, OTAU TV осындай акция өткізіп жатқанынан да, екіншіден ол акцияға біздің дербесшотымыздың нөмірі автоматты түрде қатыстырылғанынан да бейxабар едім. Кейін Қазтелерадио қызметкерлері қайта-қайта xабарласып, төлқұжаттарымның нөмірін сұрағанда сене бастадым. Өзімнің үш балам, үш немерем бар. Бұл сыйлық бізге құт болып келді, өйткені қазір қызымды ұзатқалы жатырмын. Үйде теледидар бар болғандықтан, осы жүлдемізді жас жұбайларға бұдан да көп олжа тартсын деген ниетпен жасау ретінде сыйға тартқалы отырмыз. Бұл бір керемет кәде болды.

Жалпы OTAU TV желісіне қосылғанымызға бір жылдан асты. Өзіме бәрінен де спорттық телеарналар ұнайды. Сапасы, қызмет деңгейі жоғары дәрежеде деп айта аламын. Осы жүлдені ұтып алғанымызды естіген дос-жаран, көрші-қолаңдар үдере түрегеліп «OTAU TV»-ге қосылып жатыр. Қазтелерадио компаниясына күтпеген жерден бағалы сыйлық тарту еткені үшін, сапалы қызмет көрсетіп жатқаны үшін алғысымды білдіргім келеді.

Перуза Әбдумажитова: «OTAU TV» жерсеріктік телехабар тарату желісін биыл наурыз айында қостырған болатынбыз. «OTAU TV-ден» сұйықкристалды теледидар ұтып алғаным жөнінде жаңалықты сіңлім хабарлады. Ашығын айтсам, соңғы сәтке дейін теледидар ұтып алғаныма сене қоймадым. Алайда мені сыйлықты тапсыру үшін «Қазтелерадио» кеңсесіне шақырғанда, барлық күмәнім сейілді. «Қазтелерадио» АҚ барлық ұжымына сәттілік пен жұмыстарының жемісті болуын тілеймін! Өз көрермендеріңізді ары қарай қуанта беріңіздер!

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың 17-ші наурызы мен 30-шы сәуірі аралығында «Стандарт» топтамасына 12 айға немесе «Элит» топтамасына 6 айға қосылған барлық абоненттің дербесшот нөмірі ұтысқа автоматты түрде қатыстырылған болатын.

Біздің жаңалықтардан хабардар болып отырыңыздар, түрлі акцияларға қатысып, «OTAU TV»-ден түрлі сый-сияпаттан қапы қалмаңыздар.

«Көк-Төбе» радио телевизия станциясында цифрлық эфирлік телевизия қондырғыларын орнату жұмыстары жүргізіледі

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары!

«Көк-Төбе» радио телевизия станциясында цифрлық эфирлік телевизия қондырғыларын орнату жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, теле-радио бағдарламалардың трансляциялануы келесі мерзім бойынша уақытша тоқтатылады:
- Цифрлық эфирлік телевизия 18.06.2015ж. – 26.06.2015ж. аралығында

- Аналогтық хабар тарату 18.06.2015ж. – 26.06.2015ж. 09:00 – 17:00 сағ. аралығында.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

Бізді 1. 000.000 отбасы таңдады!

Алматыда мамыр айында өткен «Өзекті технологиялар: ТВ – 2015» халықаралық көрмеде ҚР телерадиохабар тарату саласындағы Ұлттық операторы «Қазтелерадио» АҚ өз стендін дәл осылай атады.

«OTAU TV» жерсеріктік хабар тарату топтамаларының құрамы мен атаулары өзгергені туралы

Құрметті «OTAU TV» абоненттері!

2015 жылғы 15 маусымнан бастап заңды және жеке тұлғаларға арналған «OTAU TV» жерсеріктік хабар тарату топтамаларының құрамы мен атаулары өзгергенін хабарлаймыз.