«OTAU TV» абоненттік базасы өсіп келеді

2014 жылдың нәтижесі бойынша цифрлық телехабар тарату қызметінің Қазақстан нарығына дендеп ену деңгейі 21 пайызды құрады, бұл былтырғы көрсеткіштен 9 пайызға артық. Өткен жылы Ұлттық эфирлік және жерсеріктік телехабар тарату желілері абоненттерінің жалпы саны 940 мыңнан асты. Ұлттық жерсеріктік «OTAU TV» телерадиохабар тарату желісінің абоненттік базасы 2014 жылдың басынан бері 6 пайызға өсіп, 796185-ті құраса, цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі абоненттерінің саны 144 440-қа жетті.

«Қазақстан – менің Отаным» атты танымдық викторина өткізілді

Мемлекеттік мерекелердің бірі болып есептелетін Тәуелсіздік күніне биыл 23 жыл толып отыр және осыған орай «Қазтелерадио» АҚ Орталық аппарат қызметкерлерінің арасында мерекелік іс-шара өткізілді.
Биылғы жылдың ерекшелігі «Егемен Қазақстан» тақырыбына тест және «Қазақстан – менің Отаным» тақырыбына құралған викториналық сұрақтар Орталық ақпарат қызметкерлерінің белсене қатысуы және Lotus Notes арқылы берілген тапсырмаларға жалпы саны 20-дан аса қызметкерлер (қатысушылар) атсалысқанын атап өту керек.
Викториналық сұрақтар жалпы Егеменді Қазақстан тақырыбын қамтыған болса, тест тапсырмалары тәуелсіздік кезеңіндегі тарихи оқиғаларды қоса отырып, географиялық тұрғыдан да сипатталынды.
Келіп түскен жауаптарын Мемлекеттік тіл бөлімі мамандары тыңғылықты сараптай отырып, жеңімпаздарды анықтады. Сараптау нәтижесінде үздік деп танылған 7 жұмыс таңдап алынды. Оның ішінде талап етілген уақытқа сай, сондай-ақ, жауаптардың сапасына қарай алғашты үштік пен ынталандыру сыйлықтарына лайық деп табылған 4 қызметкердің аты-жөні анықталды.
Іс-шара шарты бойынша ең бірінші болып тапсырманы (тест+сұрақтар) дұрыс орындаған үштік иелері «Қазтелерадио» АҚ дипломы және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Белсенділік танытқан қызметкерлер:
1. Кохан Татьяна Сергеевна – Мемлекеттік сатып алу және логистика департаменті директорының орынбасары;
2. Аязбеков Мұрат Таңатарұлы – Бағдарлама берушілермен өзара әрекет ету қызметінің жетекші маманы;
3. Селантьев Владимир Геннадьевич – Техникалық қолдау және қосылу желілерін дамыту бөлімінің бас маманы.
Ынталандыру сыйлықтарына лайық деп танылғандар: Мамиева Гакку Ержанқызы – Шығынның өзіндік құнын қалыптастыру және жеке есепке алу бөлімінің бас маманы, Жуманова Айнұр Әмірқызы – Техникалық қолдау және аймақтық басқару бөлімінің маманы, Упушев Жандос Бақытжанұлы – Эфирлік хабар таратуды дамыту бөлімінің бас маманы, Гаевой Павел Павлович – Техникалық қолдау және желілерді дамыту бөлімінің бас маманы.
Сонымен қатар, 1-2 қабаттағы электронды тақталарға мерекелік құттықтаулар және 2011-2013 жылдары ҚР Тәуелсіздік күніне орай өткізілген іс-шаралардың фотоматериалдары орналастырылды.