Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!

Құрметті қазақстандықтар!

Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігі сөзсіз. Бұл – ғасырлар тоғысында ата-бабалар аңсаған аңсарлы әлем Азаттықтың алауын жағып, Тәуелсіздіктің тұсауын кескен, қазақ жұртын әлемге бейбітсүйгіш ел, толерантты ұлт

Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары журналистика саласының дамуы мен еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі мәселелерін талқылады

2014 жылдың 14 қарашасында «Медиа саласындағы өзгерістер мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері» тақырыбындағы Қазақстан БАҚ нарығын дамыту мәселелері жөніндегі VII Медиа Құрылтай өтті. Құрылтай барысында Қазақстан Журналистика академиясының ҚР Журналистеріне арналған «Алтын жұлдыз» және «Алтын Самұрық» жоғары жалпыұлттық  сыйлықтары табысталды. Сонымен қатар отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бүгіні мен ертеңі, басты проблемалары мен шешу жолдары қарастырылды.

Шараға әйгілі журналистер мен БАҚ басшылары қатысты. Олардың арасында «31 канал» арнасының Бас директоры Бағдат Қожахметов, «ТАҢ» телеарнасының Бас директоры Арманжан Байтасов, саясаттанушылар Досым Сәтбаев, Айдос Сарым, Ерлан Қарин болды.  Интернет телехабар тарату мәселелері бойынша спикер ретінде «Қазтелерадио» АҚ Бас коммерциялық директоры Ерлан Жазықбаев қатысты.

Медиа Құрылтайдың бағдарламасына сәйкес, секциялар жұмысында «Интернет теледидар. Қазақстан нарығы қайда бет алып барады?», «Блоггинг: соңғы беталыстары және нарықтың алдына қойылған міндеттері», «SEO: Интернетте БАҚ ілгерілетудің тиімді құралы», «Қазнетте блогтарды ілгерілету: блог платформа редакторларының кеңестері» тақырыптарына шеберлік сыныптар өткізілді.

Шараға қатысушылар түрлі пікір мен көзқарастарын білдірді, бірақ барлығы масс медиа саласында интернет пен жаңа технолгияның болашағы зор, әрі оны дер кезінде игеру керек деген пікірге қосылды. Бұл жерде «Қазтелерадио» АҚ телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық оператор ретінде рөлі маңызды. Өйткені ұлттық цифрлық телерадиохабар тарату желісін дамыту бойынша мемлекеттік жобаны жүзеге асыру міндеті осы компанияға артылған.

«Қазтелерадио» АҚ Бас коммерциялық директоры Ерлан Жазықбаевтың айтуынша, «еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі халықтың отандық БАҚ-на қолжетімділігін барынша қамтамасыз етуден басталады…» Сондықтан да, «OTAU TV» жерсеріктік телехабар тарату желісін дамытудың арқасында, қазақстандықтар 38 теле және 7 радиоарнаны тегін тамашалап отыр. Бұған рейтингі жоғары шетелдік ақылы арналарды қосыңыз. Цифрлық эфирлік желі Астана, Алматы қалалары мен барлық облыс орталықтарында, сондай-ақ Маңғыстау облысында толықтай істеп тұр. Бұл аумақтардың тұрғындары 15-тен 30-ға дейін отандық телеарнаны тегін көре алады. Ал

биыл іске қосылған «Galam TV» интернет-порталы, шетелдерде тұрып жатқан қандастарымызға отандық телеарналарды көруге мүмкіндік береді.

«Көктөбе» мұнарасының 30-жылдығы құрметіне БАҚ қызметкерлері арасында футбол жарысы өтті

Өткен сенбіде телерадиохабар тарату саласындағы Ұлттық Оператор «Қазтелерадио» АҚ «Қазақстан журналистері одағының» ықпал етуімен БАҚ өкілдері арасында футбол жарысын өткізді. «Қазтелерадио» АҚ кубогы Алматыдағы «Көктөбе» телемұнарасының 30-жылдығына орайластырылған.