«Қазтелерадио» АҚ барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Астана күні мейрамымен шын жүректен құттықтайды!

Астана – еліміздің мақтанышы, болашаққа көз тіккен тәуелсіз Қазақстанның жаңа символы. Біздің елордамыз заманауи мегаполис қана емес, барлық қазақстандықтардың келешекке деген үкілі үміті мен мақсаты байланысқан арман-қала.
Сіздерге денсаулық, бақыт, әрбір отбасына береке-бірлік тілейміз! Мемлекетіміз бен елордамыз гүлдене берсін!

«Қазтелерадио» АҚ жаңа жобаларының тұсауы кесілді

2014ж. 2 шілдесінде Астанада «Назарбаев Орталығы» кешенінде өткен «Индустрияландыру Күні» аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан Республикасы Ұлттық интернет-телевизиясы» мен «Телегазет» жобалары іске қосылды.

Қазақстанда «Қазақстан Республикасының Ұлттық Интернет-хабар таратуы» және «Телегазет» жаңа жобалары іске қосылады

2014 жылғы 2 шілдеде өнеркәсіптік форум шеңберінде Астана қ. «Қазтелерадио» АҚ атынан Елбасы мен Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласы басшыларының қатысуымен «Қазақстандық интернет-телевизия» және «Телегазет» жаңа жобаларының ресми іске қосылуы өтеді

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Құрметті Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлері!

Құрметті қазақстандықтар!

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына, міне, 69 жыл толып отыр. Жүздеген мың қазақстандықтар майдан даласында ерлік пен жанқиярлық көрсетті. Олардың көбі соғыстан оралмады.

Олардың есімі біздер үшін әрдайым қадірлі. Ал, тылда қалғандар өздерінің ерен еңбегімен жеңісті жақындатуға үлес қосып, соғыстан соң майданнан оралғандармен бірге елімізді қалпына келтіруге еңбек сіңірді. Мұның барлығы біздердің бақытты өмір сүруіміз үшін жасалды. Ардагерлердің өз отандарына деген қаһармандығы мен түпсіз берілгендігі бүгінгі жас ұрпақ үшін әрдайым үлгі болады.

Құрметті соғыс ардагерлері және тыл еңбеккерлері, сіздерге ерліктеріңіз бен ерен еңбектеріңіз үшін әрдайым ризашылық білдіреміз.

Сіздерді айрықша мереке – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, ұзақ өмір, өмірдегі барлық жақсылықты тілейміз!

Құрметпен,

«Қазтелерадио» АҚ