7 мамыр – Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтаймыз!

Отан қорғаушылар күні – бұл біздің Отанымызды көптеген ғасырлар бойы қорғап келген ерлерді еске алу күні. Әрбір үйде, әрбір отбасында кешегі Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен әкелер мен аталарды ұмытпай, есте сақтайды.

Әр түрлі әскер түрлерінде қызмет ету көптеген жастар үшін ерлік пен патриотизмнің нағыз мектебі болып табылады. Олар өздерінің конституциялық және азаматтық міндеттеріне орай көптеген әскери бөлімшелерде қызмет атқарып келеді.

Кезінде әскер қатарында қызмет еткен және осы күндері өздерінің әскери борышын өтеп жатқан құрметті әскери қызметшілер! Сіздерді ерлік пен даңқтың мерекесі – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, отбасында бақыт пен байлық тілейміз.

Құрметпен,

«Қазтелерадио» АҚ 

Қазақстан халқының Бірлігі күнімен құттықтаймыз!

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді көктемнің ең тамаша мерекелерінің бірі – Қазақстан халқының Бірлігі күнімен құттықтаймыз!

Қазақ халқы сан ғасырлық талайлы тарихында тәуелсіз мемлекет құруға, ел мен жердің тұтастығын сақтауға, береке мен бірлікті нығайтуға күш салды. 100-ден аса ұлт пен ұлыс өкілдері мекендейтін қасиетті Қазақстан елі қашанда достықтың киелі мекені, алтын бесігі бола білген. Оссының арқасында экономика мен әлеуметтік салалар қарқынды дамып, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Мемлекетіміздегі осынау сүттей ұйыған ынтымақ пен татулық бұдан әрі де іргесі сөгілмей, нығая беретіндігіне нық сенімдіміз.

Баршаңызды Қазақстан халқының Бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, шаңырақтарыңызға шаттық, баянды бақыт тілейміз.

Құрметпен,

«Қазтелерадио» АҚ 

Қоғамда алғаш рет «Көктем аруы» байқауы өткізілді

Қазақ халқында қыз баланың орны ерекше болған. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» деген оймен, қыз тәрбиесіне аса көңіл бөлген. Бүгінгі қызғалдақ қыздарымыз ертеңгі ибалы да инабатты келін, болашақ ана, ақ жаулықты әже. Сондықтан иманы мен тәрбиесі жүзінен байқалатын қазақ қыздарына ата-бабаларымыз қырық үйден тыйым салып, көзінен таса қалдырмай, тәрбиесіне үлкен мән берген. Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын болған