«Қазтелерадио» АҚ 2013 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылады

2014 ж. 13-14 ақпанында Алматы қаласында «Қазтелерадио» АҚ құрылымдық бөлімшелер мен облыстық филиалдар басшыларының қатысуымен 2013 жылдың нәтижелерін қорытындылау бойынша жылдық жиыны өтті.
Атқарылған жұмыстарды қорытындылау – кез келген басқарушы үшін өте жауапкершілігі мол сәт. Басқарма мүшелері мен негізгі құрылымдық бөлімше басшылары Қазақстан Республикасында цифрлық хабар таралымын енгізу жобасын жүзеге асыру, сондай-ақ «Қазтелерадио» АҚ-ның қызмет сапасын арттыруға бағытталған күнделікті жұмыстары бойынша қол жеткізген жетістіктері жөнінде есеп берді. Сонымен қатар, жұмыс барысында кездесіп отырған қиындықтар да назардан тыс қалған жоқ. Олардың арасында, Кеңестік дәуірден қалған аналогтық қондырғыларды қолдануға байланысты қиындықтар да тілге тиек етілді. Қазіргі уақытта ұжымның техникалық қызметкерлері қолда бар қондырғыларды жетілдіріп, жаңа технологиялар ендіруге күш жұмылдыруда.

«OTAU TV» 3 жаста!!!

18 қаңтарда Ұлттық жерсеріктік «OTAU TV» телехабар тарату желісінің ресми түрде іске қосылғанына 3 жыл толды. Осы уақыт аралығында Ұлттық телевизия тұтынушыларының саны 500 мыңнан асты, яғни 2 миллионнан астам отандасымыз «OTAU TV» арналарын тамашалауда. Жоба ауыл тұрғындарының арасында ерекше сұранысқа ие, нақтырақ айтсақ, тұтынушылардың 70 пайызы ауыл тұрғындары. Ұлттық телевизия Қазақстан халқына алғаш рет отандық 38 телеарна мен 7 радиостанцияны тегін тамашалап, тыңдауға мүмкіндік берді, әрі желіге еліміздің кез келген нүктесінен қосылуға болады. Ал егер абонент шетелдік танымал арналарды көремін десе, қолжетімді бағамен ұсынылған ақылы топтамаларға қосыла алады.
Ең алғаш рет жерсеріктік телевизия Қазақстанда 2002 жылы «Кателко+» сауда белгісімен іске қосылған болатын. 2011 жылдың қаңтарында жерсеріктік желі DVB-S2, MPEG-4 жаңа цифрлық стандартына көшті. Ресми түрде іске қосу салтанаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтті. Жаңа стандартқа көшер кезде «Кателко+» абоненттерінің саны 6300 еді, содан бері бұл көрсеткіш қарқынмен өсіп, бүгінде жарты миллионнан асып жығылды.
Біздің қызметіміз көрсетілім сапасын одан әрі арттырып, қызмет түрлерін кеңейтуге бағытталған. «OTAU TV» отбасыларыңызға әлі көп жыл бойы қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтынына сеніміміз мол! Бізді таңдағандарыңызға зор алғыс білдіреміз!
Құрметпен,
«Қазтелерадио» АҚ