Қолайсыз ауа райының салдарынан Алматыда цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіндегі телеарналар көрсетілімі уақытша тоқтатылуы мүмкін

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты форс-мажорлық жағдайлар себебінен «Көктөбе» радиотелехабар тарату стансасынан (Алматы қ.) 15 қыркүйектен бері цифрлық телехабар тарату желісінде телеарналар көрсетілім уақытша тоқтап тұр. Қазіргі уақытта эфирлік цифрлық хабар тарату желісінің жұмысын қалпына келтіру мақсатында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, бұл шаралар аналогтық эфирлік телехабар тарату желісінде «Хабар», «1 канал евразия» мен «КТК» телеарналарының түнгі көрсетілімін уақытша тоқтатылуына әкеп соқтыруы мүмкін.

 

Жеңіс күні құтты болсын!

Құрметті қазақстандықтар, қадірменді ардагерлер!

Сіздерді 9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.

Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілейміз!

 Құрметпен,

«Қазтелерадио» АҚ ұжымы

Қазтелерадиода алғаш тойланған Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы қай заманда да өте ерекше әрі маңызды мейрамдардың бірі. Әсіресе, еліміз тәуелсіздік алғалы бері жұртшылыққа зор қуаныш сыйлап отырғаны дау тудырмас ақиқат. Наурыз мейрамы мүлде жойылып кетпеуін табиғаттың өзі дәлелдеп тұрғандай.

Ең алдымен, наурыз мейрамы – күн мен түннің жер бетінде теңелуін еске салады. Табиғатта тап осы күндері тепе-теңдік болады.

Отан қорғаушылар Күнімен құттықтаймыз!

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Отан қорғаушылар Күнімен құттықтаймыз! Отан қорғау – Қазақстанның әрбір азаматы үшін қасиетті парыз бен конституциялық міндет болып табылады. 7 мамыр күні қиыншылығы көп, жауапкершілігі мол әскер қызметін өтеп жүрген қандастарымызға сый-құрмет пен алғысымызды білдіреміз. Бүгінде Отан қорғаушылар – қаһарман халқымыздың ержүрек ізбасарлары. Сіздерге бейбіт өмір тілейміз!

Құрметпен,

«Қазтелерадио» АҚ ұжымы