Жаңа 2013 жыл құтты болсын!

Құрметті қазақстандықтар!

               Жаңа 2013 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!

Сізге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт тілейміз. Жұмыста тасыңыз өрге дөңгелеп, шаңырағыңыз шаттыққа толсын!

Келер жылда үміттеріңіз ақталып, армандарыңыз орындалсын, үлкен жетістіктер мен тосын сыйға толы болсын!

Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай мерекелік шаралар өткізілді

Тәуелсіздік – тәуекел еткеннің ғана тағдырына бұйыратын бақыт демекші – Қазақстан Республикасы алуан ұлтты бауырына басқан, бейбітшілік пен татулықты әлемге үлгі еткен достықтың, ынтымақтың елі. Қазақстанда тұратын жүзден астам ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруі де осының айғағы болса керек. Тәуелсіз Қазақстанымыз Туымен – тұғырлы, Елтаңбасымен – еңселі, Әнұранымен – айбатты деуге әбден лайық.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен!

Отанымызды мақтан тұтып, патриоттық сезім ұялататын бұл мерекеде елімізге береке-бірлік, молшылық пен зор табыс тілейміз!
Қазақстандықтардың барлығына ынтымақ, бейбітшілік, денсаулық, сәттілік пен жаңа шыңдарды бағындыра берулеріне тілектеспіз!

Ізгі ниетпен,
«Қазтелерадио» АҚ

«Қазтелерадио» АҚ қызметкерлері «Құрметті байланысшы» атағына ие болды

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2012 жылдың 6 желтоқсанындағы № 832-к бұйрығына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеуге байланысты,