Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күнімен құттықтаймыз!

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының негізін қалаушы, адам және азаматтың құқығы мен азаттығының кепілдігі болып табылады. Елбасының басшылығымен ғаламдық экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Біздің республика бүкіл әлемде заманауи демократиялық мемлекет ретінде мойындалды!

Ұлық мереке – Құрбан айт құтты болсын!

Құрметті абоненттер!

Баршаңызды ұлық мереке – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймыз!

Ынтымақ, рухани жаңару мен жақыныңа мейірімділік таныту мейрамы үйіңізге ырыс пен береке, молшылық пен бақыт әкелуіне тілектеспіз.

Қасиеттi айт мерекесi мүбарак болсын!

«Қазтелерадио» АҚ ұжымы.

«Қазтелерадио» АҚ тіл бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Тілдер мерекесі» атап өтілді

2012 жылы қыркүйектің жиырма бірінде Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай Ұйымдастыру және бақылау департаменті директорының басшылығымен (Б.К.Сапышева) Мемлекеттік тіл бөлімінде мереке екінші мәрте аталып өтті.

Әдістемелік көмек көрсетілді

«Ана тілі»
№37 13-19 қыркүйек

Биылғы жылғы қаңтар айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Ал шілде айында Индустриялық форум барысында «Қазақстанда ұлттық цифрлық телеарна жүйесін енгізу үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаның басты бір пункті болатын. Яғни, осы арқылы елімізге жаңа техника мен технология келді деуге болады. Бұл сапаны жоғарылатады және енді бұдан былай Қазақстанның барлық аумағы ұлттық телеарна сигналдарын қабылдайтын болады. Бұл – біздің жаңа тарихымыздың аса маңызды оқиғасы», — екенін Президент айрықша атап өтті.