«Қазтелерадио» АҚ «OTAU TV» сауда белгісімен үшінші жыл сайынғы «Digital Communications Kazakhstan» озық технологиялар көрмесіне қатысты.

19-20 қыркүйек күндері Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында үшінші жыл сайынғы «Digital Communications Kazakhstan» халықаралық конференциясы мен озық технологиялар көрмесі өтті.

Қазақстанда «Бiлiм» алғашқы білім телеарнасы ашылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев республикадағы «Білім» алғашқы білім телеарнасын іске қосты.

Президент телеарнаны бүгін Астанада «Назарбаев университетінде» интерактивті дәріс өткізу кезінде ашып берді.

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламаға сәйкес, «Білім» телеарнасы сандық жүйеде хабар тарату жөніндегі ұлттық бағдарлама шеңберінде арнайы құрылған.

Бірінші кезеңде телеарна «OTAU TV» ұлттық спутниктік телеарнасы және цифрлы эфирлік телевизия арқылы хабар таратады, кейіннен қазақстандық кабельді операторлар арқылы таратылады.

«Білім» телеарнасы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде хабар таратады. Телеарнада ірі қазақстандық және әлемдік ғалымдардың бірегей дәрістері, ғылыми әйгілі бағдарламалары, танымдық деректі сериалдар, жоғары, орта жіне мектепалды білім беру туралы көрсетілімдер ұсынылады.

ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН

1 қыркүйекте Қазақстанның тәулік бойы хабар тарататын «24KZ» тұңғыш жаңалықтар телеарнасы іске қосылды

ҚазАқпарат – 1 қыркүйекке қараған түні Қазақстанның тәулік бойы хабар тарататын «24KZ» тұңғыш жаңалықтар телеарнасы іске қосылды. Осыған қатысты ҚР мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай Қазмедиаорталығында журналистер үшін брифинг өткізді.

Жаңа телеарна «Хабар» агенттігінің базасында құрылады. Телеарна әлемде болып жатқан оқиғалар туралы ауқымды ақпарат беріп, Қазақстанда болып жатқан жаңалықтардан хабардар етеді. «24KZ» «OTAU TV» ұлттық спутниктік желісі арқылы және кабельдік желілерде көрсетіледі. Арна күн сайын 48 жаңалықтар топтамасы мен 40 ақпараттық тақырыптық бағдарламаларды эфирге шығарады.

«Бүгін шын мәнінде айтулы күн болғалы тұр. Елбасының тапсырмасымен «24KZ» телеарнасы ұйымдастырылып жатыр. Мұның өзі Қазақстандағы ақпарат құралдарына деген қамқорлық. Бұл шын мәнінде Орта Азияда теңдесі жоқ арна болады. Оның дәлелі осы Медиа орталықтың ашылуы. Бұл Медиа орталық бізге сол идеяларды жалпы жаңғырту мәселелерін жүзеге асыруға жәрдемін тигізеді деп ойлаймын. Бұл орталық бізге CNN, BВC, Euronews сынды әлемдік телеарналар стандарттарымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді», – деді Д. Мыңбай.

Министрдің атап өтуінше, «24KZ» HD сапасындағы бейнесі бар тең салмақты хабар тарататын алғашқы отандық телеарна болмақ. Ақпараттық арнаның эфирлік саясаты «Әрбір жарты сағат сайын жаңалықтар» қағидасы бойынша қалыптасқан. Ал олардың арасындағы эфирлік уақыт тақырыптық бағдарламаларға бөлінеді.

1-қыркүйекте Қазақстанның тәулік бойы хабар тарататын «24KZ» тұңғыш жаңалықтар телеарнасы іске қосылды

АСТАНА.  31 тамыз. ҚазАқпарат – 1-қыркүйекке қараған түні Қазақстанның тәулік бойы хабар тарататын «24KZ» тұңғыш жаңалықтар телеарнасы іске қосылды. Осыған қатысты ҚР мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай Қазмедиаорталығында журналистер үшін брифинг өткізді.