2015 жылы сандық телехабар тарату желісінің құрылысы аяқталады

АЛМАТЫ. 23 тамыз. ҚазАқпарат – «Қазтелерадио» АҚ-ы  сандық телехабар тарату желісінің құрылысы аяқталғанға дейін,  қолданыстағы хабар таратудың ұқсас желілерін қатар пайдалануды қамтамасыз ететін болады.

 Еліміздегі  эфирлік хабар таратудың ұлттық операторы ұқсас телехабар таратудан жаңа сандық технологияларға өту бойынша мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын жүзеге асырады.

Цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі 2015-жылға қарай Қазақстан халқының 95 пайызын қамтитын болады

Алматы. 22 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Аналогтық жүйеден цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне көшу бойынша 2011-2015 жылдарға есептелген жоба аясында эфирлік телехабар тарату цифрлық желісінің құрылысы қарастырылып, 2015-жылға дейін Қазақстан халқының 95 пайызын қамтуы тиіс.

Республика бойынша «Көршіңді желіге қос! акциясы басталды

 Құрметті «OTAU TV» абоненттері!

15.08.12ж. мен 30.09.12ж. аралығында «Көршіңді желіге қос!» акциясы басталды. «Элит» топтамасын бір ай тегін көргіңіз келе ме? Ендеше көршіңізді өзіңіздің жерсеріктік антеннаға қосыңыз. Сіз үшін бұл су тегін, ал көршіңіз қаржысын үнемдейді. Сөйтіп, әңгімеге арқау болатын тақырыптар көбейеді!

OTAU TV қондырғысымен жабдықталған инновациялық киіз үй жерсеріктік теле- және радиохабарды Қазақстанның кез келген жерінен қабылдайды

5-шілде күні Алматыдағы «Абай» алаңында ХХІ ғасырдың инновациялық «Номад» киіз үйінің таныстырылу рәсімі өтті. Оны елордалықтарға алматылықтардың атынан шаһар басшысы Ахметжан Есімов Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовке сыйлық ретінде тапсырды. Жобаның ынталы бастамашысы «DNK» брендтік бюросы, ал бас серіктесі «Астана» зейнетақы жинақтау қоры болып отыр.