2012 жылдың күзінде «Білім арнасы» атты жаңа телеарна ел аумағында тарала бастайды-А. Жұмағалиев

АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -2012 жылдың күзінде «Білім арнасы» атты жаңа телеарна ел аумағында тарала бастайды. Бұл туралы бүгін Астанадағы «Білім жүйесін ақпараттандыру» атты 5-ші Халықаралық форумда Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

4G жүйесінің жиіліктері жақын арада «Қазақтелеком» компаниясына беріледі – Байланыс және ақпарат министрі

АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -4G жүйесіне негізделген жиіліктер жақын арада ақылы негізде «Қазақтелеком» компаниясына беріледі. Бұл туралы бүгін Астанадағы «Білім жүйесін ақпараттандыру» атты 5-ші Халықаралық форумда Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

Сенаттағы кездесу барысында ауылдағы байланысты жақсарту мәселелері талқыланды

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ – Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевпен кездесті.

Кездесудің күн тәртібі бойынша ауылдық өңірлерді телефондандыру және ұялы байланысты пайдалану мәселелері талқыланды.

«Қазтелерадио» акционерлік қоғамындағы Тіл мерекесі
DSC04499

2011 жылғы 22 қыркүйекте «Қазтелерадио» АҚ-да Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі аясында, Қоғам қызметкерлері арасында Ұйымдастыру және бақылау департаментінде осы жылы құрылған Мемлекеттік тіл бөлімінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – менің қызметімде» атты интеллектуалдық шоу болып өтті.