Құрметті қазақстандықтар!
«Қазтелерадио» АҚ сіздерді Қазақстан Халқының Бірлігі күнімен құттықтайды!
Құрметті қазақстандықтар!
«Қазтелерадио» АҚ сіздерді Қазақстан Халқының Бірлігі күнімен құттықтайды!
Армысың, әз Наурыз!
«Қазтелерадио» АҚ Наурыз мейрамын тойлады
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын атап өтпейтін, оны асыға күтпейтін қазақ бар ма?! Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Наурыз – Жыл басы. Ұлыстың осы бір ұлы кұні адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келген, татуласып, табысқан. «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы да бұл мейрамды атаусыз қалдырмады. 2016 жылғы 29 сәуір күні Қоғамның Орталық аппараты аумағында Наурыз тойы тойланды.
Құрметті отандастар!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.
Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін жалпы халықтық сүйікті мерекеге айналды. Көктемнің осы бір шағында табиғат қана түлеп қоймай, қоғамның ынтымағы мен бірлігін, бейбітшілігі мен түсіністігін нығайтатын адам даласының да жан-дүниесі жаңғыра түседі.
Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасылыраңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілейміз!
Ізгі ниетпен «Қазтелерадио» АҚ