«OTAU TV» телерадиохабар тарату желісінің ресми іске қосылғанына 5 жыл толды

Құрметті достар!

Ұлттық жерсеріктік «OTAU TV» телерадиохабар тарату желісінің ресми іске қосылғанына 5 жыл толды!
«OTAU TV» – отбасы, отау, шаңырақтың белгісі. 5 жыл бойы біз еліміздің әр түкпіріндегі барлық үйге заманауи цифрлық технологиялар жеткізудеміз!
«OTAU TV» отбасы мүшелерінің саны 1 000 000-нан асты!
Бізге сенім артқандарыңызға рахмет!

Жаңа 2016 жыл құтты болсын!

 Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Жаңа 2016 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Адам баласы жаңа жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа жылға көп үміт артады. Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Жаңа жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін!

Ізгі ниетпен,

«Қазтелерадио» АҚ 

«Мәңгілік ел» атты тарихи-танымдық іс-шара

«Қазтелерадио» АҚ Ұйымдастыру және бақылау департаменті (мемлекеттік тіл жөніндегі) 2015 жылғы 15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай мерекелік тарихи-танымдық іс-шара ұйымдастырды.