Аналогтық телехабар тарату желісінде бірқатар арналар уақытша өшірілуі мүмкін

Құрметті абоненттер!

2015 жылдың 29-30 қыркүйегінде сағат 09:00 мен 17:00 аралығында аналогтық эфирлік хабар тарату желісінің радиотелевизиялық таратқыштары өшіріледі деп жоспарналуда. Монтаждық жұмыстар жүргізілуіне байланысты желі өшірілуі мүмкін. Өшірілуі ықтимал теле,- радиоарналардың тізімін назарларыңызға ұсынамыз. Сондай-ақ, Қостанай қаласында Цифрлық эфирлік телехабар тарату желісінің жұмысында да уақытша үзілістер болуы мүмкін.

п/п

 

Облыс

 

РТС

 

Өшірілуі ықтимал арналар

1

Ақмола Көкшетау НТК, Қазақстан, Қазақ радиосы, Шалқар, Қазақстан-Көкшетау, Хабар, 24 KZ, 1 канал Евразия, КТК, НТК, NS радио, Ретро FM Қазақстан, Русское радио Азия, Astana TV, 7 канал, Тенгри FM, Жулдыз FM, Авторадио Қазақстан

2

Ақтөбе Ақтобе КТК, НТК, NS радио, Рика ТВ, Radio Tandem

3

Атырау Атырау Ретро FM Қазақстан, Русское радио Азия, Astana TV

4

Шығыс Қазақстан Өскемен НТК, Ретро FM Қазақстан, Русское радио Азия,

31 канал

 

  Семей 24 KZ, КТК, НТК, Ретро FM Қазақстан, Русское радио Азия, 31 канал, 7 канал

5

Жамбыл Тараз КТК, НТК

6

Батыс Қазақстан Орал НТК, Қазақстан, Қазақ радиосы, Шалқар, Қазақстан-Орал, Хабар, 24 KZ, 1 канал Евразия, КТК, НТК,

NS радио, Ретро FM Қазақстан, Русское радио Азия, Astana TV, 7 канал, Тенгри FM, Жұлдыз FM, Авторадио Қазақстан, ТДК-42

7

Қарағанды Қарағанды Қазақстан-Қарағанды, Первый Карагандинский

 

  Балқаш НТК Қазақстан, Қазақ радиосы, Хабар, 24 KZ,

1 канал Евразия, NS радио, Ретро FM Қазақстан, Русское радио Азия

 

  Жезқазған НТК Қазақстан, Қазақ радиосы, Хабар, 24 KZ,

1 канал Евразия, КТК, НТК, NS радио, Ретро FM Қазақстан, Русское радио Азия, 7 канал, Тенгри FM, Жулдыз FM, Авторадио Қазақстан

8

Қостанай Қостанай НТК Қазақстан, Қазақ радиосы, Шалқар, Қазақстан-Қостанай, Хабар, 24 KZ, 1 канал Евразия, КТК, НТК, NS радио, Ретро FM Қазақстан, Русское радио Азия, 31 канал, Astana TV, 7 канал, Тенгри FM, Жулдыз FM, Авторадио Қазақстан

9

Қызылорда Қызылорда Қазақстан-Қызылорда, 1 канал Евразия, Ретро FM Қазақстан, Русское радио Азия, Astana TV, Love Radio Кызылорда

10

Маңғыстау Жаңаөзен Қазақстан-Ақтау

11

Павлодар Екібастұз Қазақ радиосы, Ретро FM Қазақстан, Русское радио Азия

12

Солтүстік Қазақстан Петропавловск НТК Қазақстан, Каз РВ, Шалқар, Қазақстан-Петропавл, Хабар, 24 KZ, 1 канал Евразия, КТК, НТК, NS радио, Ретро FM Қазақстан, Русское радио Азия, СТВ, 31 канал, 7 канал, Тенгри FM, Авторадио Қазақстан, 1-й Северный, Муниципальный телеканал

13

Оңтүстік Қазақстан Түркістан НТК Қазақстан, Қазақ радиосы, Шалқар, Хабар,

24 KZ, 1 канал Евразия, Ретро FM Қазақстан

 

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!

Құрбан айт мейрамы құтты болсын!

Құрметті мұсылман бауырлар мен отандастар!

Баршаңызды айтулы мереке – Құрбан айт мейрамымен құттықтаймыз!
Осы қасиетті күндері көпшілік жұрт құрбандық шалып, бір-біріне тек жақсылық тілейді. Береке мен бірлікті, қайырым мен қанағатты арттыратын құтты мейрам – Құрбан айт адамдардың етене араласуына, ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашады. Қазақстандағы түрлі дін өкілдерінің өзара татулығы әлемге үлгі көрсетіп отырғаны қуантады.

Құрбан айт мүбәрак болсын! Барша қазақстандықтарға береке-бірлік, бейбіт өмір, әр шаңыраққа игілік пен амандық тілейміз!

 

«Қазтелерадио» АҚ ұжымы

Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймыз!

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді ұлттық мейрам – Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймыз!

 

Ұлтымыздың ұлан-ғайыр тарихында Қасым ханның «Қасқа жолынан» бастау алған бүгінгі Конституциямыз – Елбасы ұсынып, халық қолдаған, елімізді биік белеске шығарған, тарихи маңызы аса зор құжат. Биыл біз Конституциямыздың 20-жылдығын атап өткелі отырмыз. Ата Заңды ардақтау – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздегі әрбір азаматтың асыл парызы.

Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Ізгі ниетпен,

«Қазтелерадио» АҚ