Ресей жерсеріктерінде профилактикалық жұмыстар жүреді

 

Құрметті “OTAU TV” абоненттері!

2013 жылдың 16 қаңтарында сағат 05:00 – 15:00 аралығында (Астана уақыты бойынша), 2013 жылдың 7 ақпаны күні сағат 05:00 – 15:00 аралығында (Астана уақыты бойынша) Ресей жерсеріктерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

DVB-T2 стандартындағы цифрлық эфирлік хабарларын таратудың ұлттық желісін кодтау

Құрметті абоненттер!

2012 жылдың 4 желтоқсанынан бастап Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған және Жаңаөзен қалаларында DVB-T2 стандартындағы цифрлық эфирлік хабарларын таратудың ұлттық желісін «Irdeto Cloacked CA» шартты қосылу жүйесімен кодтау іске қосылды.

Кодталған сигналды қабылдау ұлттық цифрлық эфирлік телехабарларын тарату желісінің техникалық параметрлеріне сәйкес келетін Strong SRT8520 телевизиялық ресиверін (қабылдағыш) қосқан кезде мүмкін болады.
Аталған қабылдағыштар тұрмыстық техника эәне электроника сататын сауда желілерінде сатылады (сатылым нүктелерінің мекенжайлары).

Сонымен қатар бірқатар өндірушілер кіріктірме ТВ-тюнері бар теледидарлар өндіруде. Бұл қосымша қабылдағыш жабдығын пайдалануға қажетті емес кодталмаған сигналды қабылдауға мүмкіндік беретін теледидардың қосымша функционалы. Бұл ретте кодталған сигналдарды қабылдау «кам-модулін» қолданған кезде мүмкін болады, ол карта ретінде теледидарға орнатылады. Ағымдағы сәтте ҚР нарығында СІ-модульдер сталымайды, сондықтан DVB-Т2 эфирлік хабар тарату желісінде телебағдарламаларды қабылдау үшін Strong 8520 үлгісіндегі сыртқы қабылдағышты қолдану қажет. «Кам-модульдердің» сатылымға түскені жөнінде қосымша хабарланатын болады.

Сұрақтарыңыз болса, 193 немесе +7 (727) 2 581-500 телефондары арқылы call-орталығына хабарласуларыңызды сұраймыз.

«Қазтелерадио» АҚ банк реквизиттеріндегі өзгерістер

Заңды тұлға – абоненттердің назарына!

Қазан айының 22-сінен бастап «Қазтелерадио» АҚ-да бенефициар коды өзгертілгенін хабарлаймыз, қызметтерге төлем жасау кезінде КБе-нi «16″ деп көрсету қажет.
Аталған ақпаратты қызметтерге төлем жасауға жауапты қызметкерлеріңізге жеткізуді сұраймыз.
Анықтамалар 193, 8 (727) 258-15-00 телефондары бойынша.