Құрметті әлеуетті жеткізушілер!

«Қазтелерадио» АҚ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңындағы өзгертулердің күшіне енуіне байланысты, өткізілетін мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат, сондай-ақ конкурстық және аукцион құжаттамалары goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алулар веб-порталында жарияланатынын хабарлайды. Заңнамаға енгізілген осы өзгертулерге сәйкес, мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат «Қазтелерадио» АҚ корпоративтік веб-сайтында жарияланбайды.

Республика бойынша «Көршіңді желіге қос!» акциясы басталды

Құрметті «OTAU TV» абоненттері!

15.08.12ж. мен 30.09.12ж. аралығында «Көршіңді желіге қос!» акциясы басталды. «Элит» топтамасын бір ай тегін көргіңіз келе ме? Ендеше көршіңізді өзіңіздің жерсеріктік антеннаға қосыңыз. Сіз үшін бұл су тегін, ал көршіңіз қаржысын үнемдейді. Сөйтіп, әңгімеге арқау болатын тақырыптар көбейеді!

Алматы облысындағы РТС-та 26 шілде мен 4 тамыз аралығында техникалық жұмыстар жүргізіледі

Цифрлық телерадиохабар таратудың екінші кезеңін жүзеге асыру аясында антенналық-мачталық қондырғыларға тексеру жүргізілуіне байланысты Алматы облысындағы келесі радиотелестансалаларда радиотелевизиялық хабар таратқыштар өшіріледі: 

«Үлкен Шаған» РТС-те (Алматы облысы) техникалық жұмыстарды 2012ж. 18 шілдесі мен 3 тамыз аралығында жүргізу

 Құрметті абоненттер!

«Үлкен Шаған» РТС-те «Қазтелерадио» АҚ жүйесін жаңғырту» жобасы бойынша жұмыстарды жүргізуге байланысты 2012ж. 18 шілдесі мен 3 тамызы аралығында жұмыс және демалыс күндері сағат 08.00-ден 18.00 дейін, (Алматы қ. уақыты) Талдықорған қ. аумағында және жақын елді мекендерде трансляциялауды жүзеге асыратын радиотелевизиялық таратқыштардың өшірілуі жүргізіледі.