Ұлттық цифрлық эфирлік телехабарларын таратуды енгізу аясындағы техникалық жұмыстар

Құрметті абоненттер!

Ұлттық цифрлық эфирлік телехабарларын таратуды енгізу аясында, техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің келісуі бойынша «Көктөбе» РТС-та (Алматы қ.) радиотелевизиялық таратқыштарды өшіру 2012 жылдың 16 мен 22 шілдесінің жұмыс және демалыс күндері сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін ауыстырылды.

Алматы қ-дағы техникалық орталықта қалпына келтіру жұмыстары жүруде

Құрметті абоненттер!

Алматы қаласындағы техникалық орталықта жоспардан тыс қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2012-жылдың 22-мамырында сағат 4:30 бен 5:30 аралығында төмендегі теле және радиоарналардың сигналы өшірілуі мүмкін екендігін хабарлаймыз:

«Первый канал. Всемирная сеть» желісіндегі арналарда профилактикалық жұмыстар

Құрметті «OTAU TV» абоненттері!

«Первый канал. Всемирная сеть» компаниясы 29.03.2012ж. 10:00-16:00 өз жүйесінде профилактикалық жұмыстар жүргізуіне байланысты «Время», «Музыка первого», «Телекафе» және «Дом кино» телеарналар көру шектеледі.