Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз құтты болсын!

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.

Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасылыраңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілейміз!

Ізгі ниетпен,

«Қазтелерадио» АҚ 

Күн сәулесінің әсерінен жерсеріктік сигнал жоғалуы мүмкін

 Құрметті «OTAU TV» абоненттері!

                  Күн сәулесінің ықпалымен 28.02.2013ж. мен 04.03.2013ж. аралығында Қазақстан аумағында жерсеріктерден түсетін сигнал шамамен 15 минутқа жоғалуы ықтимал.

Уақытша қолайсыздықтар туғызғанымыз үшін кешiрiм өтінеміз!